Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстан халқы қаншалықты тез қартайып жатыр және бұл зейнетақы жүйесіне қалай әсер етуде?

фото: pixabay.com

Қазақстан халқы қаншалықты тез қартайып жатыр және бұл зейнетақы жүйесіне қалай әсер етуде?

03.06.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы демографиялық трендтер, ұзақмерзімді сын-қатер және оның зейнетақы жүйесіне әсеріне шолу жасады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Ұлттық статистика бюросының дерегінше биыл ел халқының саны 20 млн-нан асқан.

Бұл ретте жас топтары бойынша мынадай бөлініс байқалды: 

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025
  • 25 жасқа дейін — 8,5 млн адам (42,6%)
  • 25 жастан 65 жасқа дейін — 9,7 млн адам (48,5%)
  • 65 жастан асқан — 1,8 млн адам (8,9%).

Қазақстанда халық саны 2050 жылдың соңына қарай 26,3 млн адамға жетеді деп болжанып отыр.

Өмір сүру ұзақтығы (халықтың өлім-жітім деңгейі қарастырылып отырған жылмен бірдей болған жағдайда, адамның орташа өмір сүру ұзақтығының мәні) пандемия жағдайында (2020-2021) төмендегеннен кейін 2021 жылғы 70,23-тен 2023 жылы 75,09 жасқа дейін өсті.

БЖЗҚ-ның да, БҰҰ-ның да болжамдары өмір сүру ұзақтығының ұлғаюына байланысты 2050 жылға қарай демографиялық қартаюдың жоғары деңгейі байқалатынын көрсетеді.

Себебі 60 және одан жоғары жастағы адамдардың үлесі 2008 жылғы 9,7%-дан 2023 жылы 13,6%-ға дейін өсті және осылай өсуін 2050 жылға қарай 16,7%-ға дейін жалғастыра бермек.

Демек 2050 жылға орта есеппен әрбір алтыншы қазақстандық 60 және одан жоғары жаста болады.

60 жастағы және одан асқан адамдар үлесі 

Халық құрылымына әсер ететін негізгі факторлардың бірі — жиынтық туу коэффициенті (ЖТК). Ол бір әйелдің бала туу қабілеті бар кезеңде (яғни 15 пен 50 жас аралығында) орташа есеппен қанша рет босана алатынын көрсетеді.

2022 жылдан бастап бұл көрсеткіштің 2023 жылы 3,05-тен 2,96-ға дейін төмендеуі байқалды. БҰҰ болжамынша, Қазақстандағы туу коэффициенті 2050 жылға қарай бір әйелге шаққанда 2,42 балаға дейін одан әрі төмендейді.

Бала туу көрсеткішінің төмендеуі — бүкіл әлем үшін жаһандық үрдіс. Туу көрсеткіштерінің біртіндеп төмендеуі және өмір сүру ұзақтығының ұлғаюы жағдайында 1 еңбекке қабілетті адамға түсетін демографиялық жүктеме артады.

ЮНФПА-ның Қазақстандағы өкілдігі (БҰҰ-ның халық қоры) Қазақстан халқы саласындағы жағдайды талдау атты есебінде 2050 жылға қарай 1000 адамға шаққанда 0 көші-қон сальдосына біртіндеп қол жеткізуді болжайды.

Бұл «республиканың жұмыс күшіне жоғары сұранысынан, елеулі этникалық эмиграция әлеуетінің біртіндеп сарқылуынан, Қазақстаннан оңтүстікке қарай орналасқан елдердегі халықтың жылдам өсуінен болатын экономикалық дамуымен» бейімделеді.

Пандемиядан кейін Қазақстанға келушілердің жыл сайынғы саны соңғы екі жылда 2 еседен аса өсіп, 2020 жылдан бері кеткендердің саны 2 есе азайды.

Әлеуетті қолдау коэффициенті

65 жастағы және одан асқан адамдардың санына бөлінген еңбекке қабілетті жастағы адамдардың саны (25 жастан 64 жасқа дейін) ретінде есептелетін әлеуетті қолдау коэффициентінің төмендеуі байқалады.

Еңбекке қабілетті жастағы адамдардың (25-64 жас) зейнеткерлерге (65+ жас) арақатынасы 2012 жылғы 7,7-ден 2023 жылы 5,49-ға дейін төмендеді.

БЖЗҚ мен БҰҰ болжамдарына сәйкес, Қазақстанда әлеуетті қолдау коэффициентінің 2050 жылға қарай шамамен 4,0-ге дейін төмендеуі жалғасады.

Бұл еңбекке қабілетті халыққа түсетін «жүктемені» арттырады.

Әлеуетті қолдау коэффициентінің нақты дерегі мен болжамы

Қазіргі демографиялық трендтер мен ұзақ мерзімді сын-қатерлер қоғамға зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты маңызды міндет қойып отыр. Бұл міндетті дамудың демографиялық және экономикалық үрдістеріне неғұрлым тегеурінді бола алатын жинақтаушы зейнетақы жүйесі шешеді.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесі азаматтарға еңбекке жарамды уақытында өздерінің зейнетақы жинақтарын табыстарына сәйкес қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бұл зейнетақымен қамсыздандыру жауапкершілігін мемлекет, азаматтар және жұмыс берушілер арасында қайта бөлу арқылы мемлекеттік бюджетке түсетін жүктемені азайтуға және болашақта зейнетақы мөлшерін арттыруға ықпал етеді.

Осылайша зейнетақы жүйесіндегі жинақтаушы құрамдауышты дамыту және нығайту — оның орнықтылығын және демографиялық өзгерістерге бейімделуін, болашақтағы зейнеткер буынның жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз етудің, қаржылық тәуекелдерді бейтараптандырудың негізгі факторы.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Әлеуметтік кодексте 5% мөлшеріндегі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасын (ЖМЗЖ) 2024 жылдан бастап кезең-кезеңімен енгізу көзделген.

Тег: Зейнетақызейнеткерқор

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Елімізде балалар саны қанша?

Елімізде балалар саны қанша?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz