Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша нешінші орында?

фото: pixabay.com

Қазақстан интернет жылдамдығы бойынша нешінші орында?

21.01.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
4
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Speedtest Global Index қызметі 2024 жылдың желтоқсан айының қорытындысы бойынша интернеті ең жылдам елдер мен қалалардың тізімін жариялады. Бұл рейтинг Бағдат Мусиннің “Қазақстанда интернет жылдамдығы Токиодан жақсы” деген сөзін дәлелдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Сарапшылар 154 елдегі 200-ге жуық қалада мобильді интернеттің орташа жылдамдығы мен кең жолақты қолжетімділігіне талдау жасады. Speedtest жаһандық индексі мобильді және кең жолақты желілердің жүктеу жылдамдығы секілді негізгі критерийлерге қарай бағаланады.

Әлемдік сервистің мәліметіне сүйенсек, Қазақстан мобильді интернет жылдамдығы бойынша дүниежүзінде бір орынға көтерілді. Еліміз секундына 53,76 мегабит орташа жүктеу жылдамдығымен 57-орында тұр. Ал Жапония 58-орынға (секундына 53,54 мегабит) жайғасты.

Сізге ұнауы мүмкін

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

22.05.2025
Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

22.05.2025

Дегенмен кең жолақты интернет бойынша Қазақстан 88-орында (секундына 73,67 мегабит) тұр. Мобильді интернет жылдамдығы бойынша алғашты үштікте:

  1. Біріккен Араб Әмірліктері – секундына 453,87 мегабит;
  2. Катар – секундына 383,5 мегабит;
  3. Кувейт – секундына 257,3 мегабит.

Ал Ауғанстан бұл тізім бойынша көш соңында. Онда жүктеу жылдамдығы секундына 8,2 мегабит екен.

Сонымен қатар Speedtest әлемнің ірі қалалары бойынша зерттеу жүргізген. Қазақстанда мобильді интернет жылдамдығын анықтау үшін екі қала, яғни, Алматы және Астанада зерттеу тіркелді. Алматы 63, елорда 71-орынға тұрақтады.

  • Алматы – секундына 93,71 мегабит;
  • Астана – секундына 83,87 мегабит.
Тег: жылдамдықИнтернетҚазақстан

Ұқсас материалдар

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

22.05.2025

Көлікке құйылған жанармай сапасыз болып шықса, бұл үшін кім жауапты? Неліктен танымал жанармай құю бекеттерінен отын алғаннан кейін көлік «салдырлап»...

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

22.05.2025

Қазақстанда білім беру саласындағы орташа жалақы 302 428 теңге болды. Бұл көрсеткіш елдегі жалпы орташа жалақыдан айтарлықтай төмен. Мәселен, 2025...

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

22.05.2025

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жалған несиелерге байланысты азаматтардың құқықтарын қорғауды заңнамалық тұрғыда күшейтуге бағытталған бірқатар өзгеріс енгізді, деп...

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

22.05.2025

Қазақстандықтар енді Отбасы банкіндегі несиесін мерзімінен бұрын жауып, бірден жаңа баспанаға ипотека рәсімдей алмайды. Енді олар қайтадан депозит ашып, кем...

Келесі
Еліміздің қай қаласында қылмыс жиі жасалады?

Еліміздің қай қаласында қылмыс жиі жасалады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz