Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

фото: pixabay.com

«Қазақстан» шоколадында туды бейнелеу қаншалықты заңды?

05.06.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
16
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Астана қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп «Қазақстан» шоколадының дизайнына қатысты пікір білдірді. Айтуынша, шоколадтағы бейне Мемлекеттік Туға ұқсаса да, оның барлық стандарттарына сай келмегендіктен, ресми рәміз ретінде есептелмейді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

— «Қазақстан» шоколадының болғаны – жақсы. Бұл да бір жағынан елдің символы. Бірақ біз мынаны түсінуіміз керек: Мемлекеттік Тудың өз ережелері бар. Онда күннің орналасу тәртібі, шуақ саны, түсі мен орнаменті нақты көрсетілген. Егер осы элементтердің бірі болмаса, ол ресми Ту болып саналмайды. Шоколадта көк түс пен күннің бейнесі болғанымен, бұл толыққанды Мемлекеттік Ту емес. Бірақ патриоттық сезім тудыратын әдемі өнім деп қабылдауға болады, – деді С. Есіркеп журналистерге берген сұхбатында.

Мемлекеттік рәміздерге деген көзқарас өзгеріп келеді
Сәкен Есіркеп Мемлекет басшысының бастамасымен соңғы жылдары Ту мен басқа да рәміздерді ашық қолдануға рұқсат кеңейгенін атап өтті.

— Бұрын рәміздерді балконға ілу сияқты әрекеттерге байланысты шектеулер болатын. Қазір азаматтар өз патриоттық сезімдерін еркін білдіре алады. Бүгін Астанада балкондарға 300-ге жуық Ту ілінді, қала көшелерінде 1,5 мың көк жалауша орнатылды. Қала бойынша 500-ге жуық іс-шара өтуде, – деді басқарма басшысы.

Ерекше іс-шаралар мен акциялар
Мемлекеттік рәміздер күніне орай елордада бірқатар ерекше шаралар ұйымдастырылды:

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

12.06.2025
Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

12.06.2025
  • Еріктілер тұрғындарға викториналық сұрақтар қойып, сыйлықтар үлестірді;

  • Үй терезелеріне жүздеген Ту ілінді;

  • 3 мың Рубик текшесінен алып Ту және Елтаңба бейнесі жасалды;

  • Бәйтерек маңында кешкілік «Домбыра party» өтеді.

Құқықтық ереже:
Айта кетейік, Мемлекеттік рәміздерді қорлау немесе орынсыз қолдану жағдайында заң жауапкершілігі қарастырылған. ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексі және Қылмыстық кодекс баптарына сәйкес, бұндай әрекеттер үшін айыппұл немесе жаза қолданылады.

Тег: Басты жаңалықтарҚазақстан шоколадту

Ұқсас материалдар

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

12.06.2025

Қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін «Employment Permit System» (EPS) жүйесіне қосылу процесі 2025 жылы аяқталуы мүмкін....

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

12.06.2025

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы қаңтар-наурыз айларында еліміздегі қонақүйлер 1,9 миллион туристі қабылдаған. Бұл көрсеткіш былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда...

Жүгіңіз бүлінсе не істеу керек? Әуежай өкілі өтемақы рәсімдеу тәртібін түсіндірді

Жүгіңіз бүлінсе не істеу керек? Әуежай өкілі өтемақы рәсімдеу тәртібін түсіндірді

12.06.2025

Егер жолаушы ұшақтан кейін жүгін алған кезде оның бүлінгенін байқаса, дереу әрекет етуі қажет. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайы...

Балалар Ұлттық қордан қанша ақша алды?

Балалар Ұлттық қордан қанша ақша алды?

12.06.2025

2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 1 маусымға дейін «БЖЗҚ» АҚ 108 694 өтінішті қанағаттандырып, жалпы сомасы 13,34 млн АҚШ долларын...

Келесі
Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Қазақстандық фармнарықтың қанша пайызын отандық өнім құрайды?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz