Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

фото: pixabay.com

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

22.05.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жалған несиелерге байланысты азаматтардың құқықтарын қорғауды заңнамалық тұрғыда күшейтуге бағытталған бірқатар өзгеріс енгізді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Агенттіктің мәліметінше, қабылданған шаралар аясында 2024 жылдың 20 тамызынан бастап:

  • Кредиторларға алаяқтық жолмен рәсімделген несиелерге қатысты тергеу жүргізу кезеңінде сыйақы есептеуді және талап-арыз жұмыстарын тоқтата тұру міндеті жүктеледі;

  • Клиенттің қатысуынсыз жасалған қарыз рәсімдеу фактісі заңды күшіне енген сот шешімімен дәлелденген жағдайда, жалған несие бойынша талаптар тоқтатылады.

Сонымен қатар 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап “Стоп-кредит” қызметі аясында:

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

12.06.2025
Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

12.06.2025
  • Кредит алудан ерікті түрде бас тарту кезеңінде заңсыз рәсімделген несиелер бойынша борышты есептен шығару міндеті енгізіледі.

Агенттік бұл өзгерістерді әлеуметтік желілерде тараған “барлық жалған несиелер автоматты түрде есептен шығарылады” деген ақпаратпен шатастырмауды ескертеді. Бұл – шындыққа жанаспайтын мәлімет. Азаматтарға тек ресми дереккөздерге сенуге кеңес беріледі.

Қаржылық алаяқтықпен күресті күшейту мақсатында депутаттар қосымша заңнамалық түзетулер ұсынуда. Атап айтқанда:

  • Онлайн қарыз рәсімдеу кезінде 24 сағаттық “салқындату кезеңі” енгізіледі;

  • Банк және микроқаржы ұйымдарына несие алушы азамат бірінші рет несие рәсімдеген жағдайда, ол кредитор бөлімшесіне жеке келмейінше қарыз шартына қол қоюға тыйым салу ұсынылуда;

  • Жекелеген санаттағы азаматтармен тұтынушылық несие шарты тек олардың нақты келісімі алынғаннан кейін ғана жасалуы тиіс деген талап енгізу қарастырылып жатыр.

Сондай-ақ Ұлттық Банктің Антифрод-орталығының қызметі күшейтіледі. Оның жұмысына:

  • Ұялы байланыс операторлары;

  • Құқық қорғау органдары;

  • Арнайы мемлекеттік органдар тартылады.

Бұл алаяқтық нөмірлер мен транзакцияларды жедел анықтап, бұғаттауға мүмкіндік береді. Антифрод-орталықтың “қара тізіміне” енгізілген азаматтар үшін қаржылық қызметтерге қолжетімділік шектеледі.

Қосымша қауіпсіздік шаралары ретінде:

  • SIM-карталар санына шектеу қою;

  • Абоненттерді міндетті биометриялық сәйкестендіру;

  • SIM-бокстарға бақылауды күшейту қарастырылып отыр.

Бұл барлық өзгерістер Қаржы нарығын дамыту және қаржылық қызметтер тұтынушыларының құқықтарын қорғау туралы заң жобасы аясында Сенат қарауында тұр.

Тег: алаяқтаралаяқтықнесие

Ұқсас материалдар

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

12.06.2025

Қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін «Employment Permit System» (EPS) жүйесіне қосылу процесі 2025 жылы аяқталуы мүмкін....

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

12.06.2025

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы қаңтар-наурыз айларында еліміздегі қонақүйлер 1,9 миллион туристі қабылдаған. Бұл көрсеткіш былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда...

Жүгіңіз бүлінсе не істеу керек? Әуежай өкілі өтемақы рәсімдеу тәртібін түсіндірді

Жүгіңіз бүлінсе не істеу керек? Әуежай өкілі өтемақы рәсімдеу тәртібін түсіндірді

12.06.2025

Егер жолаушы ұшақтан кейін жүгін алған кезде оның бүлінгенін байқаса, дереу әрекет етуі қажет. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайы...

Балалар Ұлттық қордан қанша ақша алды?

Балалар Ұлттық қордан қанша ақша алды?

12.06.2025

2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 1 маусымға дейін «БЖЗҚ» АҚ 108 694 өтінішті қанағаттандырып, жалпы сомасы 13,34 млн АҚШ долларын...

Келесі
Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz