Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанда балық өнімдерінің экспорты өсті ме?

фото: pixabay.com

Қазақстанда балық өнімдерінің экспорты өсті ме?

15.05.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстанда жергілікті маңызы бар 3 мыңға жуық су айдандарында аквашаруашылықты дамытуға болады. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында депутат Арман Өтеғұлов мәлім етті, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

– Соңғы жылдары әлемде балық шаруашылығы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және аймақтардың экономикасын дамытуға серпін беретін маңызды бағыттардың біріне айналып отыр. БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) деректеріне сәйкес, әлемде тұтынылатын балық өнімдерінің 53 пайызы аквашаруашылық есебінен қамтамасыз етіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Атырау облысына жұмыс сапары барысында балық саласын дамытуды, мемлекеттік қолдау мәселелерін қарауды тапсырды. Президент тапсырмаларын жүзеге асырып, саланы дамыту үшін Үкімет Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі бағдарламасын қабылдады. Аталған бағдарламаға сәйкес, балық өсіру көлемін 2030 жылға дейін жылына 270 мың тоннаға дейін ұлғайту, балық өнімдерін ішкі тұтынуды 134 мың тоннаға арттыру және балық ресурстарының табиғи популяциясын 7%-ға жеткізу жоспарланып отыр, – деді А. Өтеғұлов.

Оның сөзінше, бүгінде Қазақстанда жан басына шаққанда балықты тұтыну нормасы жылына 4 келіні құрап отыр. Ал көршілес Ресей мен Қытай елдерінде бұл көрсеткіш 20 келіден асты. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сәйкес, бір адам бір жылдың ішінде кем дегенде 16 келі балық өнімін тұтынғаны жөн.

– Жоғарыда аталған бағдарламада жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге және балық тұтыну нормасын арттыруға барлық мүмкіндігіміз бар. Бізде халықаралық және республикалық маңызы бар 20, жергілікті маңызы бар 3 мыңға жуық су айдындарында аквашаруашылықты дамытуға болады. Каспий теңізін есептемегенде, су айдындарының жалпы ауданы шамамен 5 млн гектарды құрайды. Өткен жылы еліміздің табиғи су айдындарында 45 мың тоннаға жуық балық ауланды. Балық өсірушілер 24 мың тоннадан астам балық өсірді. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 28 пайызға көп. Норвегия, Қытай, Вьетнам және Чили аквашаруашылық саласында көш бастап тұрған елдер. Бұдан басқа көршілес Өзбекстан мен Қырғызстан елдерінде де балық шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Мысалы, Өзбекстан Республикасы 2023 жылы 740 мың долларға балық экспорттаған. Ал Қазақстан 2024 жылы 24 мың тонна балық өнімдерін экспорттады. Оның жалпы құны бар-жоғы 75 мың АҚШ долларын құраған, – деді депутат.

 

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

12.06.2025
Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

12.06.2025
Тег: балықэкспорт

Ұқсас материалдар

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

12.06.2025

Қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін «Employment Permit System» (EPS) жүйесіне қосылу процесі 2025 жылы аяқталуы мүмкін....

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

12.06.2025

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы қаңтар-наурыз айларында еліміздегі қонақүйлер 1,9 миллион туристі қабылдаған. Бұл көрсеткіш былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда...

Жүгіңіз бүлінсе не істеу керек? Әуежай өкілі өтемақы рәсімдеу тәртібін түсіндірді

Жүгіңіз бүлінсе не істеу керек? Әуежай өкілі өтемақы рәсімдеу тәртібін түсіндірді

12.06.2025

Егер жолаушы ұшақтан кейін жүгін алған кезде оның бүлінгенін байқаса, дереу әрекет етуі қажет. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайы...

Балалар Ұлттық қордан қанша ақша алды?

Балалар Ұлттық қордан қанша ақша алды?

12.06.2025

2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 1 маусымға дейін «БЖЗҚ» АҚ 108 694 өтінішті қанағаттандырып, жалпы сомасы 13,34 млн АҚШ долларын...

Келесі
Құқық қорғау органдарында ЖИ енгізу процесі қалай жүріп жатыр?

Құқық қорғау органдарында ЖИ енгізу процесі қалай жүріп жатыр?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz