Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанда көлікті бес минуттан артық қыздырғанға айыппұл жоқ

фото: ship-ship.ru

Қазақстанда көлікті бес минуттан артық қыздырғанға айыппұл жоқ

05.02.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл салатын заң жоқ екенін айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Мәжілісте өткен талқылауда депутат Нартай Сәрсенғалиев еліміздің солтүстік өңірлерінде көлік қозғалтқышын 5 минут қыздыру жеткіліксіз екенін атап өтті. Ол суық көлікпен жүру түрлі ақауларға және көлік иелері үшін қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін екенін айтты.

Бірақ вице-министр ақпарат бұрмаланып кеткенін түсіндірді.

Сізге ұнауы мүмкін

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

22.05.2025
Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

22.05.2025

Ол жол қозғалысы туралы заңда “тоқтау” және “тұраққа қою” ұғымдары бар екенін айтады.

“Бес минутта көлікті қыздырсын деп айтылмаған. Қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған механикалық көліктердің тұрғындарға ыңғайсыздық тудыратындай етіп, елді мекендерде тоқтауына тыйым салынады. Біз тек шағым бойынша адамдарды осы ережемен жауапкершілікке тартамыз. Өткен жылы мұндай үш оқиға тіркеліп, прокуратура оның біреуінің күшін жойған. Яғни қозғалтқышты қыздырғаны үшін ешкімді жауапкершілікке тартпаймыз, – деді Лепеха.

Осы орайда депутат Бақытжан Базарбек мемлекеттік органдар түсіндіру жұмыстарын дұрыс жүргізбегенін сынға алды. Мәжіліс депутаты “бес минут туралы шу — бұл мемлекеттік органдардың қателігі” деді. Базарбек заңнамада қозғалтқышты ұзақ уақыт қыздыруға тыйым салынбағанын және қажет болса, мәслихаттар жергілікті ережелерді белгілей алатынын түсіндірді.

“Мемлекеттік органдар заңда бес минут туралы ештеңе жоқ екенін түсіндіруі керек еді. Енді бәрі осы мифті талқылап жатыр, ал көптеген адамдар бұдан хайп жасап жатыр”, — деді депутат.

Еске сала кетейік, қаңтарда петропавлдық ер адам көлігін 5 минуттан артық қыздырып, айыппұл төлеген бірінші адам болды. Айтуынша, оны көршілері ұстап беріп, 102-ге қоңырау шалған.

Тег: 5 минутайыппұлзаңкөлік қыздыру

Ұқсас материалдар

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

22.05.2025

Көлікке құйылған жанармай сапасыз болып шықса, бұл үшін кім жауапты? Неліктен танымал жанармай құю бекеттерінен отын алғаннан кейін көлік «салдырлап»...

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

22.05.2025

Қазақстанда білім беру саласындағы орташа жалақы 302 428 теңге болды. Бұл көрсеткіш елдегі жалпы орташа жалақыдан айтарлықтай төмен. Мәселен, 2025...

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

22.05.2025

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жалған несиелерге байланысты азаматтардың құқықтарын қорғауды заңнамалық тұрғыда күшейтуге бағытталған бірқатар өзгеріс енгізді, деп...

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

22.05.2025

Қазақстандықтар енді Отбасы банкіндегі несиесін мерзімінен бұрын жауып, бірден жаңа баспанаға ипотека рәсімдей алмайды. Енді олар қайтадан депозит ашып, кем...

Келесі
Енді Қазақстанға келген шетел азаматтарына QR код берілмек

Енді Қазақстанға келген шетел азаматтарына QR код берілмек

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz