Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанда заң қашан қазақ тілінде жазыла бастайды?

фото: pixabay.com

Қазақстанда заң қашан қазақ тілінде жазыла бастайды?

04.06.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Заң тілі қарапайым халыққа түсінікті ме? Азаматтар заңдармен жақсы таныс па, өз құқығын заң аясында қорғай ала ма? Осы және өзге де сұрақтарға ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының лингвистика орталығының басшысы, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрзада Примашов жауап берді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

«Бүгін – мемлекеттік рәміздер күніне орай, құқықтық үстемдік адам құқығын қамтамасыз етудің басты қағидаты ретінде деген тақырыпты талқылап отырмыз. Біздің мақсат – заң тілін қарапайым адамға түсіндіру. Біз ғылыми мекемеміз сондықтан биліктің атынан сөйлеуге құқығымыз жоқ, өз кезегімізге қабылданып және қабылданғалы жатқан заңдарды түсінікті болуы үшін жұмыс істеп жатырмыз. Халық тарапынан заңдардың кейбір баптарын түсіндіру бойынша өтініштер түсіп жатады, біз олардың тікелей жұмыс жасаймыз», – деді Нұрзада Примашов елордада өткен «Құқық үстемдігі – адам құқықтарын қамтамасыз етудің әмбебап қағидаты ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел барысында.

Оның сөзінше, аталған институттың лингвистика орталығына қазақ тіліндегі заңдардың мәселелері бойынша 5-6 өтініш келіп түскен және оларға тиісті жауап берілген.

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

«Заңдарға қатысты сұрақтар әртүрлі, заң неге қазақ тілінде жазылмайды? Жалпы заңның тілі күрделі, оның ішкі құпиялары болады. Халыққа түсінікті етіп жазамыз деп қарапайым деңгейге түсіп кете алмаймыз ғой. Оның өзіндік талаптары бар, заңның техникасы деген ғылым бар. Бүгінгі іс-шарада құқықтың үстемдігі ережелерінің халықаралық талаптарға сай болуы мәселелері қаралып отыр. Әлеуметтік өмірдің барлық тұсын реттейтін құқықтың үстемдігін орнату», – дейді ол.

Сонымен қатар, маман елімізде заң жобаларын қазақ тілінде әзірлеуге қатысты мәселені көтеретінін айтты.

«Бұл да құқықтық үстемдік орнатудың бір бағыты. Заң қазақ тілінде жазылуы үшін бірқатар талап орындалуы керек. Бізде заңгерлер бар, бірақ, қазақ тілінде ойлап, жазатын, процесті қазақ тілінде жүргізе алатын мамандар тапшы, оны мойындауымыз керек. Заң қазақша сөйлеуі үшін тіл мамандарын даярлау қажет, біз ұсынысты беріп жатырмыз, қолдау бар. Мысалы, Алматыда Абай атындағы қазақ ұлттық университетінде лингвистикалық сараптама деген мамандық ашылды. Заң тілі деген ұғым бар, бірақ, оны әлі көпшілік мойындаған жоқ. Оның өзіндік ерекшеліктері, қазақ тіліне бағынбайтын тұстары бар», – деді Н. Примашов.

Айта кетейік, бүгін Астанада ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты ҚР Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Құқық үстемдігі – адам құқықтарын қамтамасыз етудің әмбебап қағидаты ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Конституциялық сот және Жоғарғы сот, Бас прокуратура өкілдері, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілеттік, ғылыми және азаматтық қоғамдастық өкілдері қатысты.

Тег: заңқазақ тілі

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

31.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 6 755 этникалық қазақ көшіп келіп, ресми түрде қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және...

Келесі
Бірінші АЭС құрылысына қанша қаражат жұмсалады?

Бірінші АЭС құрылысына қанша қаражат жұмсалады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz