Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстандағы бала саны қанша?

фото: pixabay.com

Қазақстандағы бала саны қанша?

03.06.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
3
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі – әр баланың сапалы білім алуына жағдай жасау. Президенттің тапсырмасына сәйкес Үкімет Оқу-ағарту министрлігі арқылы осы мақсатта кешенді шаралар жүзеге асыруда, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында елімізде 217 жаңа мектеп салынып жатыр, оның 105-і пайдалануға берілді. Бұл мектептердің 44 пайызы ауылдық елдімекендерде орналасқан. 2019 жылдан бері барлығы 1200 мектеп бой көтеріп, 1 миллионнан астам оқушы жаңа оқу орнымен қамтамасыз етілді.

Бүгінде 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 93,1 пайызы мектепке дейінгі біліммен қамтылған. 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 95 пайызға жетуі тиіс. Ол үшін қосымша 64 мың орын ашу жоспарланып отыр.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

12.06.2025
Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

12.06.2025

Балалар қауіпсіздігі – күн тәртібінде

Қауіпсіздік – балалар үшін жайлылық пен сенімділіктің кепілі. Қазіргі таңда мектептерге дабыл батырмалары, турникеттер орнатылып, лицензияланған күзет пен қауіпсіздік нұсқаулары енгізілді. Сонымен қатар буллингпен күрес бағытында нақты қадамдар жасалуда.

2024 жылы қабылданған үш жаңа заңда жетім балаларға тәлімгерлік институтын енгізу, буллингке қарсы шаралар және кәсіби патронаттық тәрбие мәселелері қамтылды. Бүгінде жетім балалардың 82 пайызы отбасында тәрбиеленіп жатыр. 3 мыңнан астам бала жаңа отбасы тапса, 330 адам ресми тәлімгер атанды. 2025 жылдың шілдесінен бастап кәсіби қабылдаушы отбасы институты енгізіледі.

Буллингпен күрес аясында финдік Kiva мен отандық ДОСБОЛLiKe бағдарламалары енгізіліп, «Кибер Тұмар», «Ата-ана бақылауы» сияқты акциялар өткізіліп жатыр. «Менің бауырым» жобасы да оң нәтижесін көрсетуде.

Әлеуметтік қолдау мен инклюзивтілік

Биыл «Жалпыға бірдей оқыту» қоры арқылы 510 мың балаға 22,2 млрд теңге көлемінде көмек көрсетілді. Әр балаға орташа есеппен 43 407 теңге бөлінді. Сонымен қатар 1,7 миллионнан астам оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр, оның ішінде жеке мектептердің 25 мыңнан астам 1-4 сынып оқушылары да бар. Кейбір өңірлерде оқушылар үшін тегін жол жүру мүмкіндігі қарастырылған.

Инклюзивті білім беру бағыты да кеңейіп келеді. Қазіргі уақытта ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың 85 пайызы тиісті қолдау алады. Оларға арналған жеке заң әзірленіп жатыр, онда отбасыларды кешенді қолдау тетіктері қарастырылған.

Қосымша білім мен кәсіптік бағдар

Қосымша біліммен бүгінде 3,3 миллион бала қамтылған. Ал жазғы демалыс маусымында 3,2 миллион оқушы демалысқа шығады. Олардың 500 мыңы – әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар.

Кәсіптік білім беру саласында да қарқынды даму байқалады. 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланып, жоғары сынып оқушылары еңбек нарығына қажетті біліктілік алып жатыр. Колледж түлектерінің 81 пайызы жұмысқа орналасты. 4 мыңнан астам кәсіпорынмен әріптестік орнатылып, 8 жаңа жатақхана ашылды. Колледж студенттерінің шәкіртақысы 2 есе артты.

Тег: балабілім

Ұқсас материалдар

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

12.06.2025

Қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін «Employment Permit System» (EPS) жүйесіне қосылу процесі 2025 жылы аяқталуы мүмкін....

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

12.06.2025

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы қаңтар-наурыз айларында еліміздегі қонақүйлер 1,9 миллион туристі қабылдаған. Бұл көрсеткіш былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда...

Жүгіңіз бүлінсе не істеу керек? Әуежай өкілі өтемақы рәсімдеу тәртібін түсіндірді

Жүгіңіз бүлінсе не істеу керек? Әуежай өкілі өтемақы рәсімдеу тәртібін түсіндірді

12.06.2025

Егер жолаушы ұшақтан кейін жүгін алған кезде оның бүлінгенін байқаса, дереу әрекет етуі қажет. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайы...

Балалар Ұлттық қордан қанша ақша алды?

Балалар Ұлттық қордан қанша ақша алды?

12.06.2025

2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 1 маусымға дейін «БЖЗҚ» АҚ 108 694 өтінішті қанағаттандырып, жалпы сомасы 13,34 млн АҚШ долларын...

Келесі
Елімізде алтын қанша тұрады?

Елімізде алтын қанша тұрады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz