Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстандық жаяу жүргіншілер үшін ең ыңғайсыз қай қалалар?

фото: pixabay.com

Қазақстандық жаяу жүргіншілер үшін ең ыңғайсыз қай қалалар?

17.01.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Урбанистер Алматы, Астана және Шымкентті жаяу жүргіншілерге ең қолайсыз қалалар деп таныды. Сарапшылардың айтуынша, қалаларда көбіне жағдай жаяу жүргіншілерге емес, автокөліктерге жасалған, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Деректерге сүйенсек, бұл қалаларда көбіне тротуарлар жоқ. Болған жағдайда жанармай құю бекеті мен супермаркет аумағында. Бұл балалармен арбамен жүргенде кедергі жасайды. Ал көліктер де тротуарларға қойылады.

Сарапшылар жаяу жүргіншілер инфрақұрылымының тиімділігіне бірнеше факторлардың әсер ететінін айтты.

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

“Егер тарихи негізі бар ескі қалаларымызды салыстырсақ, Алматы мен Қарағандыда ескі қала құрылысы бар. Мұнда шағын кеңістіктер, шағын кварталдар, объектілердің адами ауқымы арасындағы инфрақұрылым жасалған. Ал Астанамен салыстырсақ, онда ғимараттар мен нысандар арасындағы үлкен қашықтық бар”, – деді сәулетші, “Урбанистика орталығы” ЖМ техникалық директоры Алексей Волошин.

Көп жылдық тәжірибесі бар құрылысшы Николай Исаев кәсіптің де жаяу жүргіншілер үшін кедергі екенін алға тартты. Оның сөзінше, түрлі жарнама тақтайшасы мен дүкендер жаяу жүргіншілердің ыңғайы мен қауіпсіздігін бұзады.

“Бірінші қабаттағы пәтердің құрылыс жоспары өзгертіліп жатады. Оның алдынан дүкен жасайды. Салдарынан дүкен аумағы үлкейтіліп, тротуар тарылып қалады. Сонымен қатар жасыл аймақтағы ағаштар кесіліп, орнына автотұрақ жасалады”, – деді Қазақстанның құрметті құрылысшысы Николай Исаев.

Сарапшылар қалалық ортаны жоспарлау кезінде көбіне адамның ыңғайына қарағанда автомобильдерге басымдық берілетінін атап өтті.

Тег: жаяу жүргіншіқазақстандықҚала

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

31.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 6 755 этникалық қазақ көшіп келіп, ресми түрде қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және...

Келесі
Елімізде азық-түлік себетінің құны өзге елдермен салыстырғанда қаншалықты жоғары?

Елімізде азық-түлік себетінің құны өзге елдермен салыстырғанда қаншалықты жоғары?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz