Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстандықтар көлік салығы бойынша ескерту алуда: оны қалай есептеуге болады?

фото: ашық дереккөз

Қазақстандықтар көлік салығы бойынша ескерту алуда: оны қалай есептеуге болады?

18.03.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек, Өзекті
250
👁️
WhatsappTelegramFacebook

12 наурыздан бастап көлік салығы бойынша 2023 жыл үшін берешегі бар қазақстандықтардың екінші деңгейдегі банк мобильді қосымшаларына хабарламалар жолданып жатыр. Хабарлама тарату 31 наурызға дейін жалғасады. Ал 1 сәуірде көлік салығын төлеу мерзімі аяқталады, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

2023 жылдың салығын төлеу үшін өткен жылғы айлық есептік көрсеткіш (3450 теңге) қолданылады.

Бұл орайда көлік салығы бойынша берешекті тексеру, көлік салығын есептеу жолдарын және көлік салығы қате есептелген жағдайда не істеуге болатынын айтатын боламыз.

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

Салық берешегінің бар-жоғын қалай тексеруге болады?

Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында салыққа қатысты бірнеше электронды сервис бар. Сол жерден салық берешегінің бар-жоғы туралы мәліметтерді тексеруге болады. Ол үшін мына сілтеме арқылы өтіп, ЖСН мен суреттегі кодты теру қажет. Сервис келесі мәліметтерді ұсынады:

  • берешек қортындысы, салық сомасы (теңге);
  • мiндеттi зейнетақы жарналары, кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша берешек (теңге);
  • міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар және (немесе) жарналар бойынша берешек;
    әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек (теңге).

Сонымен қатар, eGov порталында да салық берешегі мен өсімпұлдің бар-жоғын анықтауға болады. Портал онлайн режимде төлем жасауға да мүмкіндік береді. Ол үшін ЭЦҚ қажет емес. Бір реттік парольмен кіріп, ЖСН мен суреттегі кодты теру жеткілікті.

Оған қоса банктердің мобильді қосымшаларында “Төлемдер” бөлімінен де салық берешектерін тексеріп, төлеуге болады.

Көлік салығы калькуляторы

Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтындағы онлайн калькулятор арқылы көлік салығын есептеуге болады. Ол үшін келесі мәліметтерді енгізу/таңдау қажет:

  • салықты есептеу жылы;
  • есептеу жылындағы айлар саны;
  • салық салу нысаны;
  • қозғалтқыш көлемі.

Бұл мәліметтерді енгізгеннен/таңдағаннан кейін сервис көлік салығының мөлшерін көрсетеді.

Сондай-ақ, калькулятор e-Salyq мобильді қосымшасында да бар. Ол жерде көлік құралы мен жеке табыс салығын, сонымен бірге өсімпұлды да есептеуге болады.

Қате есептелген көлік салығын қалай түзеуге болады?

Мемлекеттік кірістер комитеті e-Salyq мобильді қосымшасында көлікке қате есептелген салықты түзетуге болатын функцияны іске қосты. Қосымшаны App Store және Play Market-тен жүктеуге болады.
Түзету енгізу үшін келесілерді орындау керек:

мобильді қосымшаға кіру;

  • “Салық әмияны” сервисіне кіру;
  • “Салық салу объектілері” бөлімін таңдау;
  • “Түзетуге өтініш” бөлімін таңдау;
  • “Көлік құралым бойынша қате мәлімет туралы хабарлау” бөлімін таңдау;
  • Өтініш түрін таңдап, қажет мәліметтерді енгізу.

Осылайша сіз салық салу нысандары туралы ақпаратты жаңарту үшін өкілетті органдарға (ІІМ әкімшілік полиция комитеті мен “Азаматтарға арналған үкімет” МК) электронды өтініш жібересіз.

Өтінішті төрт негізгі санат бойынша беруге болады:

  • Көлік маған тиесілі емес – мәліметтер базасында иесіне тиесілі емес көлік құралы болса.
  • Көлік туралы ақпаратты түзету – көлік құралының санатын, қозғалтқыш көлемін, мемлекеттік нөмірін және тіркеу күнін түзеу.
  • Көлік құралы базада жоқ – атыңызда еш көлік құралы болмаған жағдайда.
  • Көлік ұрланып кеткен – ұрланып кеткен көлігіңіздің салығы сіздің атыңызға келсе, мобильді қосымша арқылы түзету енгізе аласыз.

 

Тег: көлікқосымшаөтінішсалық

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

31.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 6 755 этникалық қазақ көшіп келіп, ресми түрде қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және...

Келесі
Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болдыңыз, не істеу керек?

Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны болдыңыз, не істеу керек?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz