Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазақстанның мақта өнімі қай елдерге экспортталады?

фото: pixabay.com

Қазақстанның мақта өнімі қай елдерге экспортталады?

13.05.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазақстанда 25 мыңнан астам агроқұрылым мақта шаруашылығымен айналысады. Бұл туралы АШМ баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Мақта шаруашылығы — Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі маңызды салалардың бірі. Бұл сала халықты жұмыспен қамтуға және өңдеу өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосып отыр.

Мақта егілетін негізгі алқаптар Түркістан облысында орналасқан. Мұнда 25 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымы жұмыс істейді, оларда шамамен 70 мың адам еңбек етеді.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025
Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

— 2024 жылы мақта егісінің көлемі 106,4 мың гектарды құрап, гектарына 28,3 центнер өнім алынған. Нәтижесінде 301,7 мың тонна мақта шикізаты жиналды. Биыл заманауи технологияларды қолдану есебінен егіс көлемін 135,2 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр, — делінген АШМ хабарламасында.

Сала мемлекеттік қолдау мен су үнемдеу технологияларының енгізілуі арқасында тұрақты дамып келеді.

Мысалы, тамшылатып суару технологиясы қолданылатын алқап көлемі 50 мың гектарға дейін ұлғайып, дәстүрлі тәсілмен егілетін егістік көлемі 19,3 мың гектарға азаймақ. Бұл су ресурстарын үнемдеуге және климаттық өзгерістерге бейімделуге мүмкіндік береді.

— Мемлекет тарапынан мақта өндірушілерге кешенді қолдау көрсетіліп отыр. Атап айтқанда: мақта өсірудің толық цикліне субсидия беріледі; минералды тыңайтқыштар құнының 60%-на дейін; пестицидтердің 50%-на дейін; биологиялық агенттер мен биопрепараттардың 40%-на дейін; түпнұсқа және элиталық тұқым сатып алуға 70%-на дейін; мақта тұқымына — 100% көлемде (басқа дақылдар үшін 15–50%); суармалы су жеткізу шығындарын өтеу — технология түріне байланысты 50–85%; сондай-ақ инвестициялық субсидиялар қарастырылған, — делінген хабарламада.

Еліміз жыл сайын 300 мың тоннадан астам мақта шикізатын және 70–75 мың тонна мақта талшығын өндіреді. Өнімнің 85%-ы Латвия, Түркия, Ресей, Қытай және өзге елдерге экспортталады. Алайда, қосылған құнды арттыру және сыртқы нарыққа тәуелділікті азайту үшін терең өңдеуді дамыту басты назарда.

Мақта саласын дамыту жөніндегі Жол картасы және мақта-тоқыма кластерін қолдау аясында Түркістан облысында «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» ЖШС мен «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның қатысуымен ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр.

Жобаның жалпы құны — 146,8 млрд теңге. Аясында 50 мың гектар егістік игеріліп, соның 32 мың гектары биыл тамшылатып суарылатын болады. 4 мыңнан астам жұмыс орны ашу көзделген.

Заманауи технологияларды енгізу, мемлекеттік қолдау шараларын күшейту және ірі инвестициялық жобаларды іске асыру — Қазақстанда мақта шаруашылығының ұзақ мерзімді әрі тұрақты дамуына, сондай-ақ елдің экспорттық әлеуетінің артуына берік негіз қалайды.

 

Тег: мақтаэкспорт

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигондардың басым бөлігі толып кеткен. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев...

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

Қазақстан жоғары оқу орындарында студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған студенттік омбудсмендер институты барлық өңірде тиімді жұмыс істеп келеді. Бұл...

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

26.06.2025

2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш бір жылда 9,1%-ға артқан. Бұл туралы...

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

26.06.2025

Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 1 500-ге жуық жол бойы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді. Олардың қатарында шағын дәмханалардан...

Келесі
Елімізде қазіргі орташа жалақы көлемі қанша?

Елімізде қазіргі орташа жалақы көлемі қанша?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz