Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Қазір баланың тілі неге кеш шығады?

фото: mamaradadeti.ru

Қазір баланың тілі неге кеш шығады?

30.12.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қазір көпшілік тарапынан балалардың тілі кеш шығады деген пікір айтылып жүр. Бұл проблеманың себептері неде екенін анықтап көреміз.

Логопед лауазымына көбірек адамдар жүгінді

Бұрын мектепке барған балалар өлең жаттай алатын. Мұғалімдерге олармен жұмыс істеу қиын болған жоқ.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Қазір кейбір ата-аналар балаларының тілінің кеш шығуына аса мән бермейді. Мұны еркелік деп түсінетіндер де бар.

Тіпті балабақшаға немесе мектепке барғаннан кейін қоямын дегендер де бар.

— Несін жасырамыз, бұл орайда ата-аналар тарапынан жайбасарлық кездеседі. Баласының тілінің кеш шығып жатқанын байқаса, олар алдымен дабыл қағуы қажет емес пе? Әрбір сәби бойынша дер уақытында жұмыс жасалуы тиіс. Мәселен, бала екі жасқа келгенде дәрігердің қарауына барғаны артық емес. Сәби өзінің жасына қарай сөйлей ала ма? Егер ондай ерекшелік байқалмаса, не істеу керек? Алдымен осыны анықтап алғанымыз артық емес. Бұрынғы жылдары жеке маман ретінде жұмыс жасап келген едім. Бүгінде логопед қызметіне жүгінетін адамдар қатары көбейіп келеді. Сондықтан «Логомед» сөйлеуді дамыту орталығын аштым. Қазірге дейін орталыққа қаншама бала келді. Олардың деңгейіне қарап, барынша сөйлетуге тырысып келеміз, — дейді Қызылорда қаласындағы № 3 емханада логопед-дефектолог қызметін атқаратын Жанар Маханбетжанова.

Осы орайда педагогикалық және медициналық тұрғыда жұмыс жасалады. Сәбилер 300 сөзге дейін біліп, сөйлем құрай бастайды.

Ал үшке толғанында айналадағы адамдармен сөйлесе алады. Сөйлем қоры 1000-1500 сөзге дейін жетеді.

— Бұл жасында көп сауал қоя бастайды. Өйткені, олардың айналасына деген қызығушылығы арта түседі. Ал мектепке дайын бала ойын толық жеткізе алуы тиіс. Дегенмен қазір осындай заңдылық сақтала бермейді. Балалардың қолына ұялы телефон беріп, олардың тыныш жүргеніне ризалық кейіп танытамыз. Ата-аналар балаларымен жиі сөйлесіп, сөйлеу деңгейін арттыра түскені артық емес, — дейді Ж. Маханбетжанова.

Ата-аналар неге салғырт?

Көп жылдан бері мектепте мұғалім болып жұмыс істеп келе жатқан Үміт Түрікпенбаева ата-аналардың өз міндеттерін елемейтінін айтады.

Қазір көптеген адамдар күнделікті күйбең тірлікке сілтеме жасай отырып, балаларына дер кезінде мән бермейтініне қынжылады.

— Кешегі мен бүгінді салыстырып қарап көрелікші. Осыдан жиырма-отыз жыл бұрын үлкендер балалармен жиі сөйлесіп отыратын еді. Олардың тілін қызықтап, түрлі сауалдар қоятын. Айналасына деген қызығушылығын арттыра түсетін. Соның нәтижесінде баланың таным-түсінігі қалыптасты. Қазір ондай жағдайды байқай бермейміз. Қырық жылдан астам еңбек өтілінде талай баланың тілінің анық шығуына жұмыс жасадық. Десе де ол кезде бұл түйткіл қазіргідей өзекті емес еді. Бүгінгі ұрпақты ұялы телефон тәрбиелеп жатыр дегенді жиі айтамыз. Мені осы жағы ойландырады. Әлі де қамсыз күй кешіп келеміз. Кейде олқылықтың орнын толтыру үшін логопед мамандардың көмегіне жүгінуге тура келеді. Менің айтарым, әрбіріміз баламен жиі сөйлесіп, олардың тілінің уақытында шығуына қолдан келгенше әрекет етуіміз қажет. Баланы тек ұялы телефонға байлап қойған дұрыс емес. Қазір бармақ шайнап жүрген тұсымыз осыған саяды, — деді ол.

Мұнда әртүрлі факторлар әсер етеді. Жарық әлеміне есік ашып, сәбиді дәрігердің бақылауына алудан ешкім ұтылмайды. Нәтижесінде дені сау ұрпақ қалыптастырамыз.

Тілдің бұзылуына қатысты барлық нәрсені елемеуге болмайды. Ол үшін маманмен кеңесу керек. Алдымен баланың сөйлеуі туралы түсінік қалыптасқаны орынды.

Егер түсіну қабілеті дұрыс болса, онда біз сөйлеу тіліне назар аударамыз.

Сүйек мұжу, құрт сору…

Қызылордалық жырау Берік Саймағанбетов қазақтың салт-дәстүріне ой жүгіртеді. Соның бірі – баланың тілінің ерте шығуына байланысты халқымыздың істеп жатқаны.

Баланың тілі неге кеш шығады?

— Қазір көпшілік тарапынан балалардың тілі кеш шығады деген пікір айтылады. Осы орайда Kazinform тілшісі сала мамандары, ұстаздар және ата-аналар ой-пікірін таразылап көрген еді.

Логопед лауазымына көбірек адамдар жүгінді

Бұрын мектепке барған балалар өлең жаттай алатын. Мұғалімдерге олармен жұмыс істеу қиын болған жоқ.

Қазір кейбір ата-аналар балаларының тілінің кеш шығуына аса мән бермейді. Мұны еркелік деп түсінетіндер де бар.

Тіпті балабақшаға немесе мектепке барғаннан кейін қоямын дегендер де бар.

— Несін жасырамыз, бұл орайда ата-аналар тарапынан жайбасарлық кездеседі. Баласының тілінің кеш шығып жатқанын байқаса, олар алдымен дабыл қағуы қажет емес пе? Әрбір сәби бойынша дер уақытында жұмыс жасалуы тиіс. Мәселен, бала екі жасқа келгенде дәрігердің қарауына барғаны артық емес. Сәби өзінің жасына қарай сөйлей ала ма? Егер ондай ерекшелік байқалмаса, не істеу керек? Алдымен осыны анықтап алғанымыз артық емес. Бұрынғы жылдары жеке маман ретінде жұмыс жасап келген едім. Бүгінде логопед қызметіне жүгінетін адамдар қатары көбейіп келеді. Сондықтан «Логомед» сөйлеуді дамыту орталығын аштым. Қазірге дейін орталыққа қаншама бала келді. Олардың деңгейіне қарап, барынша сөйлетуге тырысып келеміз, — дейді Қызылорда қаласындағы № 3 емханада логопед-дефектолог қызметін атқаратын Жанар Маханбетжанова.

Бұл бағытта педагогикалық және медициналық тұрғыда жұмыс жасалады. Сәбилер 300 сөзге дейін біліп, сөйлем құрай бастайды.

Ал үшке толғанында айналадағы адамдармен сөйлесе алады. Сөйлем қоры 1000-1500 сөзге дейін жетеді.

— Бұл жасында көп сауал қоя бастайды. Өйткені, олардың айналасына деген қызығушылығы арта түседі. Ал мектепке дайын бала ойын толық жеткізе алуы тиіс. Дегенмен қазір осындай заңдылық сақтала бермейді. Балалардың қолына ұялы телефон беріп, олардың тыныш жүргеніне ризалық кейіп танытамыз. Ата-аналар балаларымен жиі сөйлесіп, сөйлеу деңгейін арттыра түскені артық емес, — дейді Ж. Маханбетжанова.

Қазақ халқының басқа да көптеген дәстүрлері бар. Ол қазір саналы баланың тілін шығаруға түрлі әрекеттер жасайды. Мысалы, балаға құрттарды соруды жастайынан үйреткен. Ол бааланың тілінің ерте шығуына септігін тигізеді.

 

Тег: балалогопедтіл шығу

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Қазақстанда қанша ілбіс бар?

Қазақстанда қанша ілбіс бар?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz