1 қаңтардан бастап көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері өседі, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
Қазақстанның заңнамасы бойынша 4 және одан көп баласы бар отбасыларға жәрдемақы арнайы кестеге сай белгіленеді.
- 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК;
- 5 балаға – 20,04 АЕК;
- 6 балаға – 24,05 АЕК;
- 7 балаға – 28,06 АЕК;
- 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленеді.
1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 3692 теңгеден 3932 теңгеге дейін көбейтілді. Сәйкесінше 2025 жылғы төлем былай белгіленді:
- төрт балаға – 63 030 теңге (2024 жылы – 59 183 теңге);
- бес балаға – 78 798 теңге (2024 жылы – 73 988 теңге);
- алты балаға – 94 565 теңге (2024 жылы – 88 973 теңге);
- жеті балаға – 110 332 теңге (2024 жылы – 103 598 теңге);
- сегіз және одан көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 15 728 теңгеден (4 АЕК) қосылады (2024 жылы – 14 768 теңгеден).
«Неке және отбасы туралы» кодекске сәйкес, көпбалалы отбасы болып кәмелетке толмаған төрт және одан да көп баласы бар, оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ 23 жастан аспаған болуы керек) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасылар жатады.
Еске сала кетейік, жыл басынан бері көпбалалы отбасылар 390 млрд теңгеге жуық жәрдемақы алды.