Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Күнін әрең көріп отырғандарға салық салғыларыңыз келеді”: Депутат мобильді аударымдарды жайына қалдыруды сұрады

фото: Sputnik

“Күнін әрең көріп отырғандарға салық салғыларыңыз келеді”: Депутат мобильді аударымдарды жайына қалдыруды сұрады

17.01.2024
Жаңалықтар
60
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

“Ақ жол” партиясының депутаты мәжіліс отырысында биыл 1 қаңтардан бастап енгізіліп, ауқымды қоғамдық резонанс тудырған жедел аударымдарды фискалдық бақылауға қатысты кәсіпкерлерден көптеген өтініш түсіп жатқанын айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

“Шағын және микро бизнес олигархтар емес, шағын дүкендерде тауар сататын немесе шағын қызмет көрсететін қарапайым адамдар екенін айта кетуіміз керек. Бюджеттен ақша ұрлап, оффшорға шығаратын олар емес.

Ондай кәсіпкер тіпті 5 мың теңге салықтан жалтарса да, бұл ақшаны елде қалдырады, мәселен, ұлына аяқ-киім сатып алып береді немесе шағын кәсібін сәл де болса кеңейтеді.

Түсіндіру кезінде салық органдары әртүрлі тұлғалардан түскен 100 жедел аударым бақылауға жататынын атап көрсетеді. Бірақ олардың мөлшері анықталмаған, яғни, бұл 100-200 теңге көлеміндегі төлемді де бақылауға мүмкіндік береді. Онда Салық органдарына заңды сұрақ туындайды: “Сіздер кімді іздеп жүрсіздер олигархтар мен жемқорларды ма, әлде, күнін әрең көріп отырғандарды ма?”, – деді депутат Асқар Садықов.

“Ақ жол” партиясының сауалында депутат мұндай бақылаудан табысы орташа жалақыдан төмен қарапайым таксисттер, тігіншілер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар зардап шегетінін айтты.

“Демек сіздер күнін әрең көріп отырғандарға салық салғыларыңыз келеді. Олай болса оларға жұмысын тоқтатып, мемлекеттен әлеуметтік көмек алып отыру оңайырақ болмақ.

Жалпы алғанда, жедел аударымға енгізген толық бақылау жемқор шенеуніктерге емес, тек адал шағын бизнеске ғана әсер етеді.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты Қазақстанның “Ақ жол” Демократиялық партиясы кәсіпкерлердің, халықтың және мемлекеттің мүддесін ескере отырып, жедел аударымдарға салық салу тәсілін қайта қарауды талап етеді”, – деді депутат.

Тег: Басты жаңалықтардепутаткаспимобильді аударымсалық

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

31.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 6 755 этникалық қазақ көшіп келіп, ресми түрде қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және...

Келесі
“Атасынан мұра болып қалған ба”: Депутат Үшқоңыр тауын қоршап алған қаруланған топ туралы сөз қозғады

"Атасынан мұра болып қалған ба": Депутат Үшқоңыр тауын қоршап алған қаруланған топ туралы сөз қозғады

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz