Индустрия және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев өзінің қандас екенін ескертіп, қазақ тілін аптасына 5 рет сабаққа барып үйреніп жүргенін айтты. Бұл туралы kaskelen.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сондай-ақ ол өнеркәсіп министрлігіне өзі басқарған “Бәйтерек” холдингінен өз командасын әкелмейтініне сендірді.
“Мен “Бәйтерекке” келгеннен кейін бір адамды да өзгерткен жоқпын. Қандай әріптестерім болды, бәрі қалды. Министрлікте де бұл нәрсе сақталады. Мен өзімнің вице-министрлерімді өзгертпеймін, өз жұмысын білетін адамдармен жұмыс істеймін”, – деді министр.
Қанат Шарлапаев 1981 жылы Ресейдің Саратов облысында дүниеге келген. Бұған дейін онда Ресей және Ұлыбритания азаматтығы болған, қазір Шарлапаев Қазақстан азаматы. Өнеркәсіп министрі қызметіне тағайындалғанға дейін “Бәйтерек” ұлттық басқарушы холдингі” АҚ басқарма төрағасы болды.