Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Менің дәрілеріме ақша керек болып, үйді сатып жіберді – Жігер Ауыпбаев

фото: instagram.com/jiger_auypbaev_official

Менің дәрілеріме ақша керек болып, үйді сатып жіберді – Жігер Ауыпбаев

21.12.2023
Жаңалықтар
544
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

Әнші Жігер Ауыпбаев бала кезінде ауыр дертке шалдығып, ота жасатқан. “Ұйқым келмейді” бағдарламасында қонақ болған әртіс, ата-анасының өзін емдету үшін үйін сатқанын айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz.

“6-сынып оқып жүрген кезім болуы керек. Сол кезде өлім ауызынан қалдым. Ота жасалды. Сол кезде өзі қиын кезең еді. Теңге ауысып, анам мен әкем жұмыстан қысқарған. Қырсыққанда мен де ауырып қалдым. Ауыр диагноз. Мені ауруханаға жеткізеді. Сол кезде бас дәрігер мен хирург “Мына баланы өлтіріп аласың. Жоқ, жоқ” деп әңгімелесуде. Мен ұйықтап кетіп, қайта оянам. 6-7 айдай ауруханада жаттым.

Сыртта не боп жатқанын білмейсің. Үйді сағындым. “Ертең шығасың” дегенде, “Бүгін шыға берсем бола ма?” деймін. “Ата-анаңа ескертіп қойдың ба?” дейді. Мен “Иә” дей саламын. Өзім шыдамсызданып, үстімдегі жұқа киіммен үйге жүгіремін ғой. Ауруханадан түрмеден қашқандай қаштым. Есікті қағып, “ана-әке” деп кіріп келсем, басқа адамдар тұрып жатыр. Жүгіріп әжемнің үйіне барамын. Сөйтсем, менің дәрілеріме ақша керек болып, үйді сатып жіберіпті. Содан бастап “Мен үшін үйді сатты. Енді ата-анама үй әперем” деген мотивация пайда болды”, – деді Жігер Ауыпбаев.

Бұған қоса Жігер Ауыпбаев арманы орындалып, ата-анасына үй алып бергенін де айтты.

“Алматыға келгеннен кейін кафеге жұмысқа орналастым. Оқуға үш жыл тапсырып, түсе алмадым. Алматыға үш айда әнші болам деп келгенмін. Бір жыл жүрдім дым шықпады. Анам “Ауылға қайт” дегенде, “Оқуға түстім” деп өтірік айттым. Cодан байдың мейрамханасына жұмысқа орналастым. Күніне 7 мың теңге төлейді. Бұрынғы кафеде 500 теңге алатынмын.

Зәулім сарай болмаса да, үй алдым. Үйдің құжаттарын апарып беремін. Бәріміз жылап, керемет болды. Қиыншылықпен жүргенде біраз қарызданған едік. Оның бәрін жаптық”, – деді Жігер Ауыпбаев.

Тег: Жігер Ауыпбаевота

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

31.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 6 755 этникалық қазақ көшіп келіп, ресми түрде қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және...

Келесі
“Тікелей эфирде боқтап жібердім”: Айнұр Тұрсынбаева қалай сұхбат кезінде ұятқа қалғанын айтты (видео)

"Тікелей эфирде боқтап жібердім": Айнұр Тұрсынбаева қалай сұхбат кезінде ұятқа қалғанын айтты (видео)

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz