Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Метапневмовирусқа қарсы вакцина бар ма?

фото: pixabay.com

Метапневмовирусқа қарсы вакцина бар ма?

16.01.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова метапневмовирус және оның негізгі белгілері туралы айтып берді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

– Осы эпидемиологиялық маусымда Алматыда метапневмовирус тіркелген жоқ. Вирустық инфекция штаммдарының айналымына эпидемиологиялық қадағалау қаладағы медициналық ұйымдармен және ауруханалармен бірлесіп жүргізіледі. Пациенттерден алынған барлық сынама Ұлттық сараптама орталығына жеткізіледі, онда сынақтар толық зерттеледі, – деді Қалықова.

Оның сөзінше, метапневмовирус – 60 жыл бұрын алғаш рет анықталған жедел респираторлық вирустық инфекция. Оны адамның метапневмовирусы деп те атайды. Қоздырғыш – құрамында рибонуклеин қышқылы (РНҚ) бар вирус.

Сонымен қатар ол адамдардың бәрі метапневмовирусқа бейім екенін жеткізді. Дені сау, иммунитеті түзу адамдарда метапневмовирус орташа және жеңіл түрде өтеді.

Сізге ұнауы мүмкін

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

22.05.2025
Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

22.05.2025

– Бөліп айтатын болсақ, 5 жасқа дейінгі балалар, егде адамдар мен созылмалы ауруы бар науқастар инфекцияны тез жұқтырып алуы мүмкін,– деді ол.

Эпидемиолог метапневмовирус балалар үшін қауіпті деген қауесетті жоққа шығарды.

– Кез келген вирустық инфекция сияқты асқынулар ауыр болуы мүмкін. Бұл пневмония, бронхит, отит. Метапневмовирусқа тән ерекше белгілері жоқ, – деп қосты Қалықова.

Аурудың алғашқы белгілері жөтел пайда болады, тамақтың аурады, температураның көтеріліп, мұрын бітеліп, су ағады. Кейде ауру симптомсыз болуы мүмкін.

– Қазір метапневмовирусқа қарсы арнайы вакцина жоқ. Дегенмен, тұмауға қарсы вакцинация респираторлық инфекциялардың жалпы жиілігін азайтуға көмектеседі,– деп атап өтті эпидемиолог.

Еске сала кетейік, елімізде метапневмовирусы таралып жатыр.

 

Тег: вакцинаМетапневмовирус

Ұқсас материалдар

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

Елімізде бензин сапасына кім жауапты?

22.05.2025

Көлікке құйылған жанармай сапасыз болып шықса, бұл үшін кім жауапты? Неліктен танымал жанармай құю бекеттерінен отын алғаннан кейін көлік «салдырлап»...

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

Қазақстанда қай өңірдің мұғалімдері көп жалақы алады?

22.05.2025

Қазақстанда білім беру саласындағы орташа жалақы 302 428 теңге болды. Бұл көрсеткіш елдегі жалпы орташа жалақыдан айтарлықтай төмен. Мәселен, 2025...

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

Қазақстанда алаяқтар рәсімдеген несиелер кешіріле ме?

22.05.2025

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жалған несиелерге байланысты азаматтардың құқықтарын қорғауды заңнамалық тұрғыда күшейтуге бағытталған бірқатар өзгеріс енгізді, деп...

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

Отбасы банкі арқылы екінші үй алу мүмкін бе?

22.05.2025

Қазақстандықтар енді Отбасы банкіндегі несиесін мерзімінен бұрын жауып, бірден жаңа баспанаға ипотека рәсімдей алмайды. Енді олар қайтадан депозит ашып, кем...

Келесі
Жалған немесе ақиқат: Статистика қалай құрылады?

Жалған немесе ақиқат: Статистика қалай құрылады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz