Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Пара беруді ұсынғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

фото: iStock

Пара беруді ұсынғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

16.01.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Қылмыстық кодекске пара ұсынуды және оны беруге уәде етуді криминализациялау бойынша түзетулер ұсынылды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Ұлан Сарқұлов мәлім етті, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

– Пара беруге уәде ету әрі пара беруді ұсыну үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ескерілген. Бұл – заң жобасының негізгі бастамаларының бірі. Қылмыстық кодекске пара ұсынуды және оны беруге уәде етуді криминализациялау бойынша түзетулер, біріншіден, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын орындау үшін заң жобасына енгізілген. Осы жоспардың 41-тармағына сәйкес, Агенттікке талған нормаларды каөздейтін заң жобасын Мәжіліске енгізуді қамтамасыз ету тапсырылды. Екіншіден, бұл мәселе 16 жылдан бері күн тәртібінде тұр. 2008 жылы Қазақстан ратификациялаған БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясында параны уәде етуді, ұсынуды, бопсалауды қылмыс санатына жатқызу қажет екені қарастырылған, – деді Ұ. Сарқұлов.

Пара ұсынуды және оны беруге уәде етуді криминализациялау бойынша ұсынымдар Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы сарапшыларының есептерінде тұрақты негізде қамтылған.

– Түзетулерді пысықтау барысында алыс және жақын шет елдердің халықаралық тәжірибесі мұқият зерделенді. Мәселен, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының барлық 38 елінде пара ұсынғаны әрі оны уәде еткені үшін қылмыстық жауапкершілік бар, өйткені оның заңнамада болуы ОЭСР-ге кірудің міндетті шарты саналады. Бұл норма посткеңестік аймақтағы көптеген мемлекеттердің заңнамасында да көзделген. Мұндай қылмыстар бойынша шетелдегі сот-тергеу практикасы минималды, жекелеген жағдайлар ғана анықталады, бірақ осы сияқты баптың болу фактісі тіпті пара туралы әңгіменің өзі қолайсыз болатындай тәртіпке келтіреді және тиісті мәдениетті қалыптастырады. Пара туралы уағдаластықты аяқталған қылмыс деп тану айқын профилактикалық әсерге ие болады, бұл мемлекетке зиян келтіргенге дейін парақорлықтың жолын кесуге мүмкіндік береді, – деді агенттік өкілі.

Еске сала кетейік, бұл заң жобасы аясында ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін сотталғандардың жария тізілімі енгізіледі.

Сізге ұнауы мүмкін

Елімізде мүйізді ірі қара және ұсақ мал бағасы қанша?

Елімізде мүйізді ірі қара және ұсақ мал бағасы қанша?

08.05.2025
Ауылдарда дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатыр?

Ауылдарда дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатыр?

08.05.2025

 

Тег: заңбұзушылықпара алупара берусыбайлас жемқорлық

Ұқсас материалдар

Елімізде мүйізді ірі қара және ұсақ мал бағасы қанша?

Елімізде мүйізді ірі қара және ұсақ мал бағасы қанша?

08.05.2025

Елімізде мал бағып, шаруашылықпен айналысу үшін қомақты қаржы керек, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Баға рейтингін жасау кезінде сиыр, ешкі, қой...

Ауылдарда дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатыр?

Ауылдарда дәрігер тапшылығы қалай шешіліп жатыр?

08.05.2025

Денсаулық сақтау министрлігі дәрігер тапшылығы мәселесін шешу бағытында қандай тетіктер іске асып жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. - Кадрлар...

Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттағанды ұнатады?

Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттағанды ұнатады?

08.05.2025

2024 жылы 1 млн-нан астам Қазақстан азаматы шетелге саяхаттаған. Бұл туралы Туристік қамқор қорының директоры Асылхан Есілов айтты, деп хабарлайды...

Қандай заттарды пойызда тасымалдауға заңмен тыйым салынған?

Қандай заттарды пойызда тасымалдауға заңмен тыйым салынған?

08.05.2025

«Жолаушылар тасымалы» АҚ теміржол көлігінде тасымалдауға тыйым салынған заттар туралы жолаушылардың есіне салды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. — Қазақстан Республикасының заңнамасына...

Келесі
Елімізде қандай несиелер автоматты түрде жойылады?

Елімізде қандай несиелер автоматты түрде жойылады?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz