Әнші, актриса Сара Амангелді той көйлегімен түскен видеосын жариялады, – деп хабарлайды Kaskelen.kz
Осыдан соң желіде Сара Амангелдінің ұзатылған видеосы тарады.
Видеоны әнші Жазира Байырбекова Instagram парақшасына жариялады.
Сонымен қатар видеодан ұзатылатын қыздың сәукелесін Ләйлә Сұлтанқызы ұстап тұрғанын байқауға болады.
Ал кейінірек желіде Сара Амангелді мен әнші Тұрар Ыдырыстың ұзату тойында бірге отырған видеосы тарады.
Әншінің оқырманы бұл жазбаға “Кино ма әлде шын өмірде ме?” деп пікір жазған.
Сара Амангелді бұл сұраққа “Кинода да және өмірде де бұйыртса” деп жауап берген.
Желі қолданушылары жұлдыздардың бұл видеосын түсінбей, қызу талқыға салған. Осыдан соң әнші Тұрар Ыдырыс бұл кино түсірілімінен үзінді екенін Instagram парақшасында айтты.
“Осыдан біраз уақыт бұрын Гүлнұр Мамасарипова киноға шақырту берді. Басты рөлдің бірі. Осы жолы өзімді сынап көрейін дедім. Жарасып тұрсыңдар дегендеріңізді ескеріп қоямын. Анамның өзі қарсы емес”, – деп жазды Тұрар Ыдырыс.