Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Ереуілге шыққан West Oil Software жұмысшылары компаниясы тарапынан қысым көрсетіліп жатқанын айтты

“West Oil Software” компаниясы ереуілге шыққан жұмысшыларын қызметінен босатпақ

20.02.2024
Жаңалықтар
49
👁️
WhatsappTelegramFacebook

“West Oil Software” ЖШС басшылығы кәсіпорынның шығынға ұшырағанын айтып, ереуілге шыққан жұмысшыларын 12 қаңтардан бастап қызметтерінен босататынын мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Сөздерінше, олардың орнын еңбек биржасында кезекте тұрғандар алады.

“Наразылық 2023 жылдың 11 желтоқсанынан бері жалғасып келеді. Қазіргі таңда ереуілге қатысушылардың заңсыз әрекеттерінен келген жалпы шығын көлемі шамамен 499 миллион теңгені құрап отыр. Бұдан компанияның қаржылық жағдайы ғана емес, ереуілге шыққан жұмысшылардың отбасылық бюджеті де зардап шегеді”, – делінген хабарламада.

Қойылған үш талаптың біреуі ғана заңды және орындалатын болды. Сонымен қатар сот ереуілді заңсыз деп таныды. Бұл туралы ереуілшілерге наразылық кезінде бірнеше рет айтылды.

Сізге ұнауы мүмкін

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025
Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

“Компанияның ереуілге шыққан жұмысшыларды келіссөз үстеліне тарту әрекеті сәтсіз аяқталды. Кейбір белсенділер мұндай бастамаларға тосқауыл қоюда. Ереуілді тоқтатқысы келетіндер оларды барлық талаптардың жақын арада орындалатынын айтып, тотамауды сұрап алдаусыратуда. Алайда, қанша тырысқанымен, кейбір жұмысшылар заңсыз әрекеттің бекер екенін түсініп, одан бас тартып отыр. Қазірдің өзінде 50-ден астам адам жұмысқа оралды. Жақын арада адал еңбеккерлердің едәуір бөлігі жұмысқа қайта оралады деп күтілуде. Бізге жекелеген ереуіл жетекшілерінің мақсат-мүдделері мен жеке мүдделері, осыған байланысты әрекеттері белгілі. Бұған дейін жұмыстан шығарылған 7 белсенді үшінші тұлғалардың мүддесін көздеп, “West Oil Software” ЖШС-нің жұмысын жүйесіз етіп, орнына басқа компанияны әкелмек болып отыр”, – деп хабарлады компания.

“West Oil Software” ЖШС басшылығы 2024 жылдың 12 қаңтарынан бастап заңсыз ереуілдің жалғасуына түрткі болған жұмысшыларды қызметінен босатпақ. Сонымен қатар бос лауазымдарға Қарақиян ауданының Мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген азаматтарды қабылдау жоспарлануда.

“Егер мұндай әрекеттер тоқтатылмаса, компания тергеліп жатқан қылмыстық іс аясында жауапкершілікке тарту мәселесін шешу үшін құқық қорғау органдарына тиісті материалдарды беруге мәжбүр болатынын ескертеміз. Біз жұмысшыларды “ат басындай алтын береміз” деп уәде етіп, өздерінің пайдакүнемдік мақсаттарын көздейтін арандатушылар жетегіне ермеуге шақырамыз. Біз парасатты болуымыз керек, отбасымызды асырап, балаларымызды адал еңбекпен өсіруге мүмкіндік беретін компаниядағы тұрақтылықты бағалауымыз керек”, – деді “West Oil Software” ЖШС басшылығы.

Еске сала кетейік, Маңғыстау облысының мұнайшылары мен теміржолшылары “West Oil Software” компаниясының материалдық-техникалық базасын жаңарту, “West Oil Software” компаниясының жұмысшыларын “ҚазМұнайГаз” АҚ құрамына қосу, жалақыны бірыңғай еңбекақы жүйесіне сәйкестендіру талаптарымен айтып, жаппай ереуілге шыққанын айтқан болатынбыз.

Тег: West Oil SoftwareереуілМаңғыстаумұнайшылар

Ұқсас материалдар

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

Еуропаның қай елдерінде білім деңгейі ең жоғары?

29.05.2025

Еуростаттың соңғы мәліметтеріне сәйкес, Еуропа тұрғындарының білім деңгейі бұрынғыдан жоғарылаған: барлық мемлекеттерде әйелдер ер адамдардан озып тұр, деп хабарлайды kaskelen.kz...

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

Қазақстанда шылым шегетіндер саны азайды ма?

29.05.2025

Соңғы жылдары Қазақстанда темекі тұтынушылардың саны 30 пайызға төмендеді. Бұл мәлімет – зиянды әдеттің алдын алуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық...

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

27.05.2025

Қазақстан ажырасу деңгейінен әлемде екінші орында тұр. Қазақ қоғамында жанұяның екіге айырылуы неге жиілеп кетті? «Бүгін LIVE» бағдарламасына қонақ болған...

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың...

Келесі
Экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталды

Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz