Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Яндекс.Еда сервисінде курьерлер неге жетіспейді және тапсырысты қай уақытта берген жөн?

фото: pixabay.com

Яндекс.Еда сервисінде курьерлер неге жетіспейді және тапсырысты қай уақытта берген жөн?

10.04.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
6
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Яндекс.Еда қолданушыларының бірі сервис арқылы тамаққа тапсырыс бергенде қиындықтар туындағанын айтып берді. Оған тапсырыс 50-55 минуттың ішінде жеткізілуі керек еді. Бірақ тамақ 25 минут ішінде дайын болып қойған. Жеткізуші курьер табылмай, тапсырысты тағы 2,5 сағат күткен. Бұл жағдай тұтынушыда жағымсыз әсер қалдырған. Осы орайда компанияда неліктен мұндай мәселелер туындап жатқанын анықтап көрдік.

Яндекс қолданушысы сервис арқылы тамаққа тапсырыс берген кезде үлкен қолайсыздыққа тап болғанын айтып, ашуын жасырмады. Қызмет сапасына ренжіген тұтынушыға тек 10% жеңілдік берілгені оны одан әрі шамына тиген. Мұндай жағдайлар жиілеп кетсе, сервистің беделіне нұқсан келуі мүмкін дейді.

“Жақында Яндекс.Еда сервисі арқылы тамаққа тапсырыс бердім. Жеткізу 50-55 минут ішінде болуы керек еді. Бірақ тамақ 25 минуттан кейін дайын болды, ал Яндекс.Еда курьер таба алмады. Курьерді табу 2 сағатқа созылды, ал техникалық қолдау операторы көмектесе алмады. Ақырында 2,5 сағат күткен соң тапсырысты тоқтатуға тура келді. Келесі тапсырысқа 10% жеңілдік беретін промокод қана ұсынды”, – деп ызыланды алматылық тапсырыс беруші.

Алматылық тұрғынның шағымынан кейін Яндекс компаниясынан жағдайға қатысты пікір сұрадық.

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

“Пайдаланушының мұндай тосын жағдайға тап болғанына өкініш білдіреміз. Егер курьерді ұзақ уақыт табу мүмкін болмаса, қызмет 30 минуттан кейін тапсырысты автоматты түрде жояды. Тапсырыс тексеріліп, оның төлемі толық қайтарылды. Курьерлерді іздеу кейде ұзақ уақыт алуы мүмкін, себебі сұраныс күрт өскен жағдайда, мысалы, ауа райы бұзылып, барлық адамдар үйге тамақ тапсыруды қалайды. Сонымен қатар жоғары жүктемеге байланысты тапсырыстарды орындау уақыты көбейуі мүмкін, әсіресе, қарбалас сағаттарда”, – деп жауап берді Яндекс компаниясы.

Компанияның баспасөз қызметі тапсырыстың кешігуі көбінесе күннің белгілі бір уақытында болатынын ескертті. Әсіресе, түскі уақытта – 12:00 мен 14:00 аралығында және кешкі уақытта – 18:00 мен 21:00 аралығында тапсырыс берушілер саны күрт көбейіп, курьерлер жүктемеге үлгере алмай жатады.

“Мұндай қиындықтарды болдырмау үшін тапсырысты түскіге дейін – 11:30-ға дейін немесе 14:30-дан кейін, ал кешке – 17:30-ға дейін немесе 21:00-ден кейін беру ұсынылады. Бұл кезде курьерлер саны жеткілікті болып, қызмет жылдамырақ жұмыс істейді. Қызметімізді жақсарту үшін үнемі жұмыс істеп келеміз. Тапсырыстың орындалу уақытын қысқарту үшін қосымша күш саламыз және курьерлердің қолжетімділігін арттыруға тырысамыз. Егер тапсырыстармен байланысты мәселелер немесе сұрақтар туындаса, қосымшада қолжетімді 24/7 қолдау қызметіне хабарласуды ұсынамыз. Олар сіздің сұрауларыңызды жедел түрде шешуге көмектеседі”, – деп түсіндірді Яндекс компаниясы.

Алайда компания неліктен Яндекс.Еда сервисінде курьер тапшылығы байқалып жүргеніне көңілге қонымды жауап бере алмады.

 

Тег: ЯндексЯндекс еда

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

31.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 6 755 этникалық қазақ көшіп келіп, ресми түрде қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және...

Келесі
Неге Бурабайдағы демалыс Дубайдан қымбат?

Неге Бурабайдағы демалыс Дубайдан қымбат?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz