Егер жолаушы ұшақтан кейін жүгін алған кезде оның бүлінгенін байқаса, дереу әрекет етуі қажет. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайы ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.
Не істеу керек?
-
Жүгіңізді алған бойда – жүк тасымалдау аймағындағы әуе компаниясының өкіліне жүгініп, зақым туралы акт толтыруды талап етіңіз. Бұл өтемақы алу үшін маңызды құжат болып саналады.
-
Кейін өтініш жазыңыз – әуежайда немесе онлайн түрде өтемақы талап етіңіз.
Әуе компаниясы тексеріс жүргізіп, бүлінудің себебін және кінәлі тарапты анықтайды. Егер кінә компания тарапынан болса, өтеу ақшалай төлеммен немесе жаңа шабаданмен жүзеге асырылады.
Еске сала кетейік, жолаушылар мен балаларға қатысты жеңілдіктер туралы да бұрын ақпарат берілген болатын. Сонымен қатар, Көлік министрлігі елордалық әуежай инфрақұрылымын дамытуға 1,1 млрд доллар инвестиция тартуды жоспарлап отыр.