Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жұмыс беруші еңбек шартында көзделмеген міндеттемелерді ілсе не істеу керек?

фото: pixabay.com

Жұмыс беруші еңбек шартында көзделмеген міндеттемелерді ілсе не істеу керек?

17.06.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Жұмыскер еңбек шартында көзделмеген функцияларды орындаудан бас тартуға құқылы. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарының сауалына Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаевтың жауабында айтылған, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

— Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыскер өз міндеттерін келісімдерге, еңбек және ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің актілеріне сәйкес орындауға міндетті. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жұмыскердің еңбек міндеттеріне кіретін болса (тараптардың еңбек шарты мен келісімде өзгеше белгіленбесе), қосымша төлемдер көзделмейді. Жұмыскер өзінің еңбек шартында көзделмеген функцияларды орындауға тартылса, ол оларды орындаудан бас тартуға құқылы. Жұмыс берушінің жұмыскердің келісімінсіз еңбек міндеттерін біржақты өзгертуге немесе кеңейтуге құқығы жоқ, — деді вице-премьер.

Оның сөзінше, бір ұйым аясында қосымша жұмыс қосымша ақы төлеуге жатады.

— Мұндай тапсырманың нұсқаларына мыналар жатады — лауазымдарды қоса атқару (басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындау); қызмет көрсету аймақтарын кеңейту (жұмыс күні (ауысым) шегінде жұмыс көлемін ұлғайту); уақытша болмаған қызметкердің міндеттерін орындау (басқа және ұқсас лауазым бойынша функцияларды орындау). Осылайша, егер техникалық жұмыскер өзінің еңбек міндеттерінде көзделмеген ағымдағы жөндеу жұмыстарына тартылса, ол қосымша ақы алуға құқылы. Жұмыс беруші қосымша ақы төлеуден заңсыз бас тартқан жағдайда, жұмыскер мемлекеттік еңбек инспекциясына жүгінуге құқылы, — деді Ермек Көшербаев.

 

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025
Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025
Тег: жұмысжұмыс берушіжұмыскер

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигондардың басым бөлігі толып кеткен. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев...

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

Қазақстан жоғары оқу орындарында студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған студенттік омбудсмендер институты барлық өңірде тиімді жұмыс істеп келеді. Бұл...

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

26.06.2025

2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш бір жылда 9,1%-ға артқан. Бұл туралы...

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

26.06.2025

Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 1 500-ге жуық жол бойы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді. Олардың қатарында шағын дәмханалардан...

Келесі
Біліктілігі жоқ жұмыскерлер азаматтық қызметшілер құрамына қосыла ма?

Біліктілігі жоқ жұмыскерлер азаматтық қызметшілер құрамына қосыла ма?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz