Алматы қаласында үлкен мөлшерде электронды темекіні (вейпті) заңсыз сату қызметі АФМ департаментімен қала прокуратурасын үйлестіру кезінде тоқтатылды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі АФМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде оңтүстік мегаполис аумағында электрондық темекіні заңсыз көтерме сату бойынша сауда және қойма үй-жайлары орнатылды.
“Тінту барысында жалпы сомасы 80 млн теңгеден асатын 55 мыңнан астам электрондық темекі тәркіленді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу ісі басталды.
ҚР ҚІЖК-нің 201-бабы бойынша ақпарат жария етілмейді”, – деді ҚР ҚМК ресми өкілі Әлібек Әбділов.
Ол сондай-ақ ата-аналарға жүгінді және ғалымдардың пікірінше, вейпті қолдану жасөспірімдердің дамуына теріс әсер етіп, есте сақтау қабілетіне, шоғырлануына, өзін-өзі бақылауына және оқу қабілетіне зиянды әсер ететінін еске саламыз.
“Ата-аналарды балаларының мінез-құлқына, оның денсаулығына және сатып алып жүрген заттарына назар аударуды сұраймыз”, – деп қосты АФМ ресми өкілі.
ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін кінәсіз деп есептеледі.