Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің себебі неде?

фото: pixabay.com

Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің себебі неде?

26.06.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек
47
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Жыныстық және репродуктивті денсаулық жөніндегі қазақстандық қауымдастық ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ерте жүктілік мәселесін көтерді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.

Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Қауымдастықтың атқарушы директоры Галина Гребенникова айтып берді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта жасөспірімдердің жүктілігі бойынша жағдай жақсарған, алайда мәселе әлі де бар.

«Осы бағытта қандай жұмыс атқарылып жатыр?. Әрине, медицина қызметкерлерін оқыту арқылы қызмет көрсету сапасы артпақ. Біз Денсаулық сақтау министрлігімен өте тығыз жұмыс істейміз, көп жылдар бойы БҰҰ қорының халық саласындағы серіктесіміз. Бұл бізге заманауи халықаралық ұсыныстарды, отбасын жоспарлау, алдын ала дайындық, жүкті әйелдерге көмек көрсету тәсілдерін енгізуге көмектеседі. Бұл кәсіби мамандардың, мұғалімдердің қатысуынсыз қиын болатыны белгілі. Сондықтан үшінші жыл қатарынан педагогтер, денсаулық сақтау саласының өкілдеріне арналған пікірталас алаңы болып табылатын «жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығы» конференциясын ұйымдастырып келеміз», — деді спикер.

Сізге ұнауы мүмкін

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025
Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

Халықаралық сарапшылар жыныстық дебюттің жасы өзгергенін (қазір 16,5 жаста), бірақ жасөспірімдердің репродуктивті мінез-құлқы өзгермегенін атап өтті.

«44%-дан астамының жыныстық қатынаста бірнеше серіктесі бар. Бұл қауіпті. Біздің міндетіміз — хабардар ету. Қазір жасөспірімдер өте қиын жағдайда, өйткені интернет бар, онда ақпарат көп, олар кейде бұрыс, бұрмаланып беріледі. Біздің міндетіміз — жастарға көмектесу», — деді Галина Гребенникова.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында 182 жасөспірім жүкті болып қалғанын жазған болатынбыз. Ал, СҚО-да былтыр 46 жасөспірім қыз босанса, 14-і жасанды түсік жасатқан.

Тег: жасөспірімдержүктілік

Ұқсас материалдар

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

2024 жылы әлем бойынша қанша адам аштық зардабын шекті?

31.07.2025

2024 жылы әлем халқының шамамен 8,2%-ы, яғни 673 миллион адам аштықтың ауыр зардабын көрген. Бұл көрсеткіш 2023 жылғы 8,5%-бен (688...

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

Елімізде қанша шетел азаматы жұмыс істейді?

31.07.2025

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 14 820 шетелдік азамат еңбек етіп жүр. Бұл туралы...

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

Ұлттық даму жоспарының қанша көрсеткіші орындалмаған?

31.07.2025

Ұлттық экономика министрлігі 2029 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарын іске асырудың 2024 жылға арналған нәтижелерін жария етті. Жоспар аясында белгіленген...

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

Жыл басынан бері қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды?

31.07.2025

2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында Қазақстанға 6 755 этникалық қазақ көшіп келіп, ресми түрде қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және...

Келесі
Еліміздің қанша мектебінде инклюзивті білім алуға жағдай жасалған?

Еліміздің қанша мектебінде инклюзивті білім алуға жағдай жасалған?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz