Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жеке меншік мектептер жабылуы мүмкін бе?

фото: pixabay.com

Жеке меншік мектептер жабылуы мүмкін бе?

19.06.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Нартай Сәрсенғалиев жеке меншік мектептердің жаппай жабылатыны туралы қоғамда тараған ақпаратқа алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

Оның айтуынша, елімізде 300 мыңнан астам оқушы білім алып жатқан 800-ге жуық жекеменшік мектептің жағдайы белгісіз күйге түскен.

«Елімізде 300 мыңнан астам оқу білім алатын 800 жеке меншік мектеп бар. Оларға мемлекеттік тапсырыс тоқтатылады екен деп жатыр. Ертең бірқатары жабыламыз деген хабарламасын айтып жатыр. Оларды қаржыландыру жергілікті бюджетке түсті. Ертең олардың бәрі жабылып қалса, 300 мың оқушыны қайда жібереміз?» — деп сұрады депутат.

Аталған сауалға жауап берген Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев нақты түсініктеме берді. Оның сөзінше, тек білім беру талаптарына сай келмейтін, жертөле мен бейімделмеген ғимараттарда орналасқан мектептер ғана жабылуы мүмкін.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025
Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

«Бізді сол жеке меншік мектепте оқып жатқан 300 мың баланың сапалы білім алуы министрлікті өте қатты алаңдатады. Біз Жоғары аудиторлық палатаның тексеруі нәтижесінде де жеке меншік мектептердегі білімнің сапасына үлкен сұрақтар туындағанын көріп отырмыз», — деді Ғани Бейсембаев.

Министр нақты критерийлерге сай жұмыс істеп, сапалы білім ұсынып отырған жекеменшік мектептердің еш алаңдамауына болатынын атап өтті.

«Рас, егер жеке меншік мектептер жабылатын болса, мына жертөлелерде, мектепке тиесілі емес ғимараттарда орналасуы бірінші кезекте себеп болады. Сондай-ақ, өте сапалы білім көрсетіп отырған жеке меншік мектептеріміз бар. Оларға ешқандай қауіп төніп отырған жоқ. Мұны нақты айта аламын», — деді министр.

Бұл мәселе бұған дейін Үкімет деңгейінде де қаралған болатын. Қоғам арасында тараған түрлі қауесеттерге байланысты ата-аналар мен мектеп иелері арасында алаңдаушылық артқан.

Тег: жеке меншік мектеп

Ұқсас материалдар

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

Қазақстандағы қоқыс полигондарының қанша пайызында рұқсат құжаты бар?

26.06.2025

Қазақстанда қатты тұрмыстық қалдықтарды көмуге арналған полигондардың басым бөлігі толып кеткен. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев...

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

Студенттік омбудсмен институтына қандай шағым жиі түседі?

26.06.2025

Қазақстан жоғары оқу орындарында студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған студенттік омбудсмендер институты барлық өңірде тиімді жұмыс істеп келеді. Бұл...

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

Елімізде қанша ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істейді?

26.06.2025

2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстанда 251 ойын-сауық және демалыс саябағы жұмыс істеген. Бұл көрсеткіш бір жылда 9,1%-ға артқан. Бұл туралы...

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

Қазақстанда республикалық жолдардың бойында қызмет көрсету саласы қандай?

26.06.2025

Бүгінде республикалық маңызы бар автожолдардың бойында 1 500-ге жуық жол бойы қызмет көрсету нысандары жұмыс істейді. Олардың қатарында шағын дәмханалардан...

Келесі
Қазақстанда қанша зейнеткер бар және олардың орташа зейнетақысы қанша?

Қазақстанда қанша зейнеткер бар және олардың орташа зейнетақысы қанша?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz