Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жыл басынан бері қазақстандықтар қанша теңге қаржысын қайтарып алды?

фото: pixabay.com

Жыл басынан бері қазақстандықтар қанша теңге қаржысын қайтарып алды?

17.06.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
0
👁️
WhatsappTelegramFacebook

700 теңгелік сапасыз ойыншықтан бастап, миллиондаған теңге тұратын жылжымайтын мүлікке дейін — қазақстандықтар өз құқықтарын қорғап, тауар мен қызмет сапасына қатысты өтемақы талап етуге батыл кіріскен. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті мен оның аумақтық департаменттері азаматтарға тауарлар, қызметтер және жылжымайтын мүлік сатып алу кезінде орын алған құқықбұзушылықтар бойынша құқықтық көмек көрсеткен.

— Осы аралықта тұтынушылардың шағымдары бойынша жалпы сомасы 881,3 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды. Шағымдар көбінесе сапасыз тауарлар (автокөліктер, косметика, ұялы телефондар), орындалмаған қызметтер (шипажай жолдамалары, қоғамдық тамақтану, фитнес, туризм), сондай-ақ рәсімделмеген немесе уақтылы берілмеген жылжымайтын мүлікке қатысты болды, — делінген Сауда және интеграция министрлігінің хабарламасында.

Нақты мысалдар:

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025
  • Алматы қаласында тұтынушы 215 млн теңгеге сатып алған жылжымайтын мүлік кейін үшінші тұлғаға сатылған. Бұл жағдай департамент араласуымен оң шешімін тапты.

  • Қарағанды облысында шарт талаптары бұзылып, 45 күннен астам уақыт берілмеген пәтер мәселесі шешіліп, тұтынушы 33,5 млн теңгенің тұрғын үйіне қол жеткізді.

  • Семейде қоғамдық тамақтану орнында тапсырыс орындалмаған. Мекеме тұтынушылар бұрышын орналастырмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

  • Ақтөбе облысында туроператорларға қатысты шағым нәтижесінде 6,6 млн теңге өтемақы тұтынушыға қайтарылды.

  • Павлодар мен Жетісу облыстарында топтық қорғау аясында тұтынушыларға:

    • косметика жиынтығы үшін рәсімделген 10,8 млн теңге несие,

    • жеткізілмеген смартфондар үшін 7,2 млн теңге қайтарылған.

  • Түркістан облысында орындалмаған Дубай турына 1,2 млн теңге қайтарылса,

  • Шымкентте санитарлық талаптарға сәйкес келмейтін фитнес қызметтері үшін өтемақы берілді.

Сонымен қатар:

— Азаматтар тіпті 700 теңге тұратын сапасыз ойыншыққа қатысты да өтемақы талап етіп, өз құқықтарын қорғады, — делінген министрлік хабарламасында.

Жалпы нәтиже:

Сауда министрлігінің дерегінше, соңғы үш жылда тұтынушыларға 1 триллион теңгеден астам қаражат қайтарылған.

 

Тег: қаржы

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Алаяқтар хабарласса не істеу керек?

Алаяқтар хабарласса не істеу керек?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz