Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

фото: pixabay.com

Жыл басынан бері қанша адам атаулы әлеуметтік көмек алды?

27.05.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда 43,4 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алып отыр. Бұл — 232,5 мың адамды қамтып, жалпы 10,4 млрд теңге көлемінде төлем жүргізілген. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 2025 жылға АӘК төлеуге 132,9 млрд теңге көлемінде бюджет қарастырылған, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

АӘК – тек ақшалай қолдау емес. Оның негізгі мақсаты — отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару. Бұл үшін еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысқа орналастыру, кәсіп ашуға грант беру және біліктілікті арттыру шаралары қарастырылған.

«АӘК-нің негізгі мақсаты — ақшалай төлем түрінде қолдауды жүзеге асыру және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту арқылы отбасын қиын өмірлік жағдайдан шығару», — делінген министрлік хабарламасында.

АӘК келесі бағыттарды қамтиды:

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

12.06.2025
Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

12.06.2025
  • Табысы кедейлік шегінен аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау;

  • Табысы аз отбасылардағы 1 жас пен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру. Мәселен, биылғы 1 мамырға дейін 74,4 мың балаға 1,4 млрд теңге көлемінде төлем берілген;

  • Жұмысқа орналастыру, кәсіп бастауға грант беру, оқыту және басқа да шаралар арқылы отбасыларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу.

АӘК тағайындауға өтінішті азаматтар тұрғылықты жері бойынша мансап орталықтарына, ауыл әкімдеріне немесе egov.kz электронды үкімет порталы арқылы бере алады.

«Қазіргі уақытта қазақстандықтар АӘК тағайындауға өтінішті тұрғылықты жері бойынша мансап орталығында, ауыл округінің әкіміне сондай-ақ электрондық үкімет порталы (egov.kz) арқылы бере алады», — деп нақтылайды министрлік.

Айта кетейік, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде кедейлік шегі өңірлік медиандық табыстың 35% деңгейінде белгіленген. Бұл шек өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен болмауы тиіс.

Тег: АӘК

Ұқсас материалдар

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

Қазақстандықтар қашан Оңтүстік Кореяда заңды жұмыс істей алады?

12.06.2025

Қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік беретін «Employment Permit System» (EPS) жүйесіне қосылу процесі 2025 жылы аяқталуы мүмкін....

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

Елімізде 5 жұлдызды қанша қонақ үй бар?

12.06.2025

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы қаңтар-наурыз айларында еліміздегі қонақүйлер 1,9 миллион туристі қабылдаған. Бұл көрсеткіш былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда...

Жүгіңіз бүлінсе не істеу керек? Әуежай өкілі өтемақы рәсімдеу тәртібін түсіндірді

Жүгіңіз бүлінсе не істеу керек? Әуежай өкілі өтемақы рәсімдеу тәртібін түсіндірді

12.06.2025

Егер жолаушы ұшақтан кейін жүгін алған кезде оның бүлінгенін байқаса, дереу әрекет етуі қажет. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының халықаралық әуежайы...

Балалар Ұлттық қордан қанша ақша алды?

Балалар Ұлттық қордан қанша ақша алды?

12.06.2025

2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 1 маусымға дейін «БЖЗҚ» АҚ 108 694 өтінішті қанағаттандырып, жалпы сомасы 13,34 млн АҚШ долларын...

Келесі
Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Елімізде ажырасу саны неге көбейді?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz