Көпшіліктің көзайымына айналған жұлдызды жұп Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш айырылысып кетті. Бұл ақпаратты әнші Балжан Бидаш Instagram парақшасында растады, деп хабарлайды кaskelen.kz
Үш жыл бұрын шаңырақ көтерген танымал әзілкеш Жахан Отарғалиев пен әнші Балжан Бидаштың отбасылық өміріне қатысты қауесетке нүкте қойылды.
“Достар, сіздер шындықты білуге лайықсыздар, осы уақытқа дейін біз үшін алдаңдап жатқандарыңызға рахмет. Сондықтан “рас па, өтірік пе” деген ақпаратты “біз екі жаққа кеттік” деп растаймыз. Өмір болған соң біз күтпеген жағдайлар болады екен. Әркім өзінше бақытты болатынына сенемін. Бұлай болғанына қарамастан Жаханның әр бастамасын, шығармашылығын қолдаймын! Ешкімнің ала жібін аттамайтын, қазақ киносынан өз орнын тапқан еңбекқор, қайсар жан”, – деп болған жағдайға қарамастан Жаханға қолдау білдірді.
Өнерлі жұптың оқырмандары бұл жағдайға өз пікірлерін білдірді.
«Ешқашан кек сақтамайтыныңа тәнтімін. Әбден бақытқа лайықсыз», «Енді өнеріңе қайта орал, әніңді айт, концертіңді күтеміз», «Балжан, сен сол Жаханнан да жақсыға лайықсың. Жап-жас қызды алып, еще не ұнамай қалды екен», «Осы Жаханға сені лайық көрмеуші едім, қайырлысы болсын!», «Пранк болса екен» деп жазды көпшілік.
Айта кетейік, бұған дейін Жахан да Instagram-да Балжанмен түскен видеоны жариялап «Бәрі бітті» деген жазба қалдырған еді.