Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Елімізде қанша мәслихат депутаты бар?

фото: РИА Новости

Елімізде қанша мәслихат депутаты бар?

04.04.2025
Жаңалықтар, Керек - Дерек
1
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Бүгін Астанада Сенат жанындағы мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы.

– Бүгін біз Мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысына жиналып отырмыз. Сенат жанындағы бұл консультативтік-кеңесші органның құрылғанына биыл он жеті жыл толып отыр. Осы уақыттың ішінде аталған алаң Парламент пен мәслихаттардың бірлескен жұмысының маңызды әрі тиімді тетігіне айналды. Осы орайда Кеңес жұмысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынғанын атап өткен жөн. Жалпы, бүгінгі іс-шара мәслихаттардың мемлекеттік және жергілікті өзін өзі басқару жүйесіндегі рөлін талқылауға арналып отыр. Соның аясында мәслихаттардың жаңа кезеңдегі басымдықтарына жан-жақты әрі тереңірек тоқталамыз. Осыған байланысты жиынға Парламент пен мәслихаттардың депутаттары, Үкімет мүшелері, орталық және жергілікті атқару органдарының өкілдері қатысып отыр, – деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Палата спикері еліміздегі мәслихаттардың рөлі жайында пікір айтты. 2022 жылғы конституциялық реформалардың аясында мәслихаттардың дербестігін нығайту арналған жүйелі шаралар қабылданды. Соның нәтижесінде олардың институционалдық және саяси құзыреті кеңейді. Сонымен қатар, мәслихат төрағасы деген лауазым енгізілді, облыс әкімдерін мәслихаттардың қатысуымен тағайындау тәртібі өзгерді. Сайлау жүйесі де реформаланды. Қазіргі таңда мәслихаттар жергілікті бюджетті бекітеді және оның орындалуын бақылайды.

Жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мониторинг жүргізеді. Сондай-ақ, мәслихаттар еліміздің Парламент Сенатын жасақтайтынын айрықша атап өткен жөн.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

– Жалпы, мәслихаттар 30 жылдан астам тарихы бар іргелі институт екені белгілі. Осы жылдар ішінде бұл орган формальды құрылымнан билік жүйесінің жергілікті жердегі толыққанды субъектісіне айналды. Қазіргі таңда елімізде 3300-ден астам мәслихат депутаты бар. Олардың бәрі сайлаушылардың мүддесін қорғай отырып, мемлекет пен халық арасындағы алтын көпірге айналды деп айтуға толық негіз бар. Мемлекет басшысы қолға алған соңғы саяси реформалардың арқасында осы жылдарда мәслихаттардың рөлі айтарлықтай нығайды. Бұл өзгерістер «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» атты мемлекеттік құрылыстың жаңа формуласына сәйкес жүзеге асырылды. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мызғымайтын осы үш тағанның тағы бір белгісі – жауапты жергілікті басқару екенін талай мәрте айтқан болатын. Сондықтан аталған қағидат аясында мәслихаттарға маңызды міндет жүктелетіні сөзсіз, – деді М. Әшімбаев.

Еске сала кетейік, бүгін Сенат жанындағы мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Ермек Көшербаев бірнеше төлем түрі ауыл бюджетінің пайдасына аударылатынын айтты.

 

Тег: депутатмәслихат

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Яндекс.Еда сервисінде курьерлер неге жетіспейді және тапсырысты қай уақытта берген жөн?

Яндекс.Еда сервисінде курьерлер неге жетіспейді және тапсырысты қай уақытта берген жөн?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz