Ақтауда кәмелетке толмаған 15 жасөспірім арасында төбелес болды, деп хабарлайдыKaskelen.kz
Полицейлердің мәліметінше, 2023 жылдың 8 қыркүйегінде сағат 23.08-де 102 нөміріне 27-ші шағын ауданда 15 кәмелетке толмағандар арасында төбелес болып жатқаны туралы қоңырау түскен. Қоңырауға патрульдік полиция жасақтары жауап берді.
“Аталған факті бойынша 20 кәмелетке толмаған жасөспірім анықталып, Ақтау қаласының полиция бөліміне жеткізілді. Заңды өкілдеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің “Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық”, “Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болуы” баптары бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды”, – деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.
Қатысушылармен профилактикалық әңгіме жүргізілгені атап өтілді.