Бүгінде Алматы облысы 2,5 млрд теңге көлік салығын төлемеген. Яғни, 37 586 жеке тұлға берешек, деп жазады kaskelen.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, 2023 жылы сот орындаушыларына 1,3 млрд. теңгеге 41 217 салықтық бұйрық шығарылып жіберілді. Жеке сот орындаушылармен мәжбүрлі түрде 623,2 млн теңге өңдірілді.
“Әкімшілендіру жұмыстарының нәтижесінде, өткен жылдардағы қарызы бар жеке тұлғаларды қоса алғанда 160 568 жеке тұлғадан 2,7 млрд. теңге салық өндірілді. Қазіргі уақытта осы бағытта заңға сәйкес мәжбүрлеп өндіріп алу жұмыстары сот орындаушыларымен бірлесіп жалғасуда”, – делінген хабарламада.
Жыл басынан бері жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша 4 968 салық төлеуші бойынша 134 млн. теңге сомасына борышкерлерді төмендету қамтамасыз етілді.
Айта кетейік, жыл басынан Алматы облысының Ішкі істер департменті мен Алматы облысы бойынша Жеке сот орындаушылар палатасымен бірлескен салықтық берешегі 100 мың теңгеден асатын борышкер бойынша 507 рейдтік іс-шара жүргізіліп, 910 салықтық берешегі бар борышкерлер бойынша жергілікті бюджетке 198,5 млн. теңге өңдірілді.
Облыс бойынша 2022 жыл үшін көлік құралдарына, 2023 жылы 285 821 жеке тұлғалардың 444 246 автокөліктеріне 7,3 млрд.теңге салық есептелді.
Жеңілдіктері бар 12 747 жеке тұлғалардың көлік құралдарына – 277,3 млн. тенге сомасына, ал 15 989 жеке шаруа қожалығының көлік құралдарына – 351,2 млн. тенге сомасына жеңілдік берілді.
2022 жылы Алматы облысы бойынша жергілікті бюджетке жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салықтан 6,2 млрд теңге түсті.
Ағымдағы жылдың сегіз ай бойынша жеке тұлғалардан түскен көлік құралдарына салық 6,3 млрд. теңгені құрады.
Сонымен қатар жеке тұлғалардын көлік құралдарына салық ең көп берешек сомасы:
- Қарасай ауданы 9 597 жеке тұлғаның 817,1 млн.теңге;
- Іле ауданы 7 480 жеке тұлғаның 508,9 млн.теңге;
- Талғар ауданы 6 704 жеке тұлғаның 452,1 млн.теңге;
- Еңбекшіқазақ ауданы 6 550 жеке тұлғаның 392,4 млн.теңге;