Kaskelen.kz әлеуметтік желідегі парақшасына Қарасай ауданына қарасты Көлащы ауылы тұрғындарынан шағым түсті. Айтуларынша, ауылдағы воркаут алаңының салынғанына бір жыл да толмаған. Десе де, бір жыл емес, он жыл қолданылған алаңға айналған, деп жазады kaskelen.kz тілшісі.
Аталған мәселеге қатысты Қарасай ауданының Жібек жолы ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің хабарлауынша, техникалық сипаттамаға сәйкес барлық спорттық элементтер орнатылған, түнгі жарық шамдары орнатылып, қылқан жапырақты ағаштар түрі отырғызылды.
“Аталған нысан бойынша “Қарасай ауданы Жібек жолы ауылдық округі әкімінің аппараты” мемлекеттік мекемесі мен “Мадина” жеке кәсіпкер арасында 03.11.2022 жылғы № 45 санды мемлекеттік сатып алу ашық конкурсына сәйкес шарт жасалды”, – делінген хабарламада.
Ал видеода айтылған асфальт пен жаяу жүргінші жолына асфальт жабыны жылдың күзгі уақытында жер қыртысының қатты кезеңінде төселген. Соған байланысты жер қыртысының көктемгі жылынумен асфальт жабыны деформацияланған.
“Осы ақауды шұғыл жою туралы “Мадина” жеке кәсіпкеріне №1050 санды шығыс хат жолданды”, – деді әкімдік өкілі.