Пәкістанда жексенбі күні, 30 шілдеде “Жамиат Улема-и-Ислам” (“Ислам діні өкілдерінің жиыны”) партиясының съезінде жарылыс болды. 40-тан астам адам көз жұмды деп хабарлайды Kaskelen.kz тілшісі CNN ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Әзірге лаңкестік әрекетті нақты қай топтың және не үшін жасаған белгісіз. Жаралыларды провинция орталығы Пешевар қаласындағы ауруханаға жеткізу үшін тікұшақтар да тартылды.
Жергілікті полицияның хабарлауынша, шабуылдан кемінде 44 адам қаза тапқан, тағы 100 адам ауруханаға жеткізілді, зардап шеккендердің ішінде 17-сі ауыр жағдайда жатыр. Басылым мәліметінше, теракт Ауғанстанмен шекараға жақын жерде орналасқан Хар қаласында болған.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, жанкешті-террорист исламдық партияның съезіне жарылғыш зат әкеліп, оны партия өкілдері сөйлеп тұрған сахна маңында жарып жіберген.
Куәгерлердің айтуынша, жарылыс болған күні съезд жұмысына 500-ге жуық адам қатысқан.