Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Зауыт кетсін! Бізге таза ауа керек!”: “Асыл арман” мен “Алма сити” тұрғындары митингке шықты

“Зауыт кетсін! Бізге таза ауа керек!”: “Асыл арман” мен “Алма сити” тұрғындары митингке шықты

01.08.2023
Kaskelenkz, Өзекті
821
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алматы маңындағы “Асыл Арман”, “Алма сити” тұрғын үй алабында 20 мыңнан астам адам тұрады. Яғни, қала ішіндегі қалаға айналған. Десе де, бүгінгі күні бұл аудан өз атауына мүлдем лайық бола алмай тұр. Себебі “Асыл армандықтардың” арманы – қағаз фабрикасынан келетін жағымсыз иістен арылу, деп жазады kaskelen.kz тілшісі.

“Асыл арман”, “Алма сити 5”-тің “эконом-класты” бұл баспаналардың сапасы сын көтермейтінін айтып келе жатқанына бірнеше жылдан асты. Тіпті тұрғындар зауытты жабуды талап етіп 31 шілде күні наразылық білдіріп, жиналды. Талаптары да қолдарына ұстаған қағаздарында жазылған. Ол – “зауыт кетсін”, “бізге таза ауа керек”.

Сізге ұнауы мүмкін

Amanat партиясы “Кітап-Amanat” жобасын жүзеге асырды

Amanat партиясы “Кітап-Amanat” жобасын жүзеге асырды

25.09.2023
Гауез Нұрмұхамбетов СҚО әкімі болып тағайындалды

Гауез Нұрмұхамбетов СҚО әкімі болып тағайындалды

23.09.2023

Тұрғындары негізінен мегаполисте жұмыс істегенімен, тұрғын үй алабының өзі Алматы облысының Қарасай ауданына қарайды.

Әңгіме болып отырған “Kagazy Recycling” қағаз-картон зауыты – тек Қазақстандағы ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы тара-құтылық картон, гофроқаптама және қағаз өнімдерін шығаратын аса ірі өндіруші болып табылады. Алайда отандық кәсіпорынның жетістіктеріне оның іргесіндегі көршілері тіпті де қуанып отырған жоқ.

“Ұзақ жылдан бері біздің аудан жаман иістен арыла алмай келеді. Тереземізді аша алмаймыз, аулада серуендеу дегеннің не екенін білмейміз. Балаларымыз иістеніп, ауруханаға түседі. Қолқаны қапқан қолаңса иісті жұтып жүргеннен қандай дені сау ұрпақ болады”, – деп налыды тұрғындардың бірі.

“Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды” демекші, “асылармандықтардың” бұл мәселені көтере-көтере шаршаған. Тұрғындар әкімдік өкілдері де, зауыт өкілдері де жыл сайын “шешеміз” деп уәдемен тойдырып келе жатқанын айтады.

“Бізді “Kagazy Recycling” фабрикасына қарасты сасық “көлдер”, яғни фильтрация алқаптары улауда. Қағаз-картон фабрикасы оларды өндірістік қалдықтарын жинақтау үшін пайдаланады. Бұл “отстойниктер” тұрғын үй алабымыздан 700 метрдей жерде орналасқан. Оған Абай кентіндегі тұрғын үйлер де канализациялық шығарындыларын заңсыз төгеді”, – дейді жергілікті белсенділердің бірі.

Зауыттан шыққан жағымсыз иіс денсаулыққа да зиянын тигізіп жатыр. Бала да, ана да бәрі ауырып, аурухананың тұрақты науқастарына айналған.

“Мен екіқабат болып, сәбилі болуға дайындалып жүрдім. Жүрегім айнып, токсикозбен күрестім. Дәрігер үйде жатып, күтіну қажеттігін айтты. Содан иістен қатты жүрегім айнып, әбден қиналдым. Ары қарай денсаулығым да нашарлай бастады. Еріксіз бойыма біткен сәбиді алдыртып тастауыма тура келді”, – дейді Роза Жұмабекова есімді тұрғын.

Тұрғындар “Kagazy Recycling” ЖШС фильтрациялық алқаптарын шұғыл түрде жабуды және ол жерлерде рекультивация жұмыстарын жүргізуді талап етуде. Сонымен бірге олар әкімқаралардың жеке кәсіпорынның мәселесін шешуге бюджеттің, салық төлеушілердің ақшасын пайдалануына қарсы. “Жекеменшік компания өз проблемаларын өз бетінше шешсін!” дейді жергілікті жұртшылық.

“Мен әкімшілік қызметкерлерімен айына жоқ дегенде 2 рет кездесемін. Қонаев қаласына, Қаскелеңге барамын осы сұрақ бойынша. Мәселені шешуін сұрап әкімшілікке де қанша рет жаздық. Бұған дейін “Бизнестің жол картасы” бағдарламасы бойынша шешпек болғанбыз. Алайда бұл бағдарлама белгілі бір себептерге байланысты жабылып қалды. Қазір басқа бағдарлама іске қосылды. Сол бағдарлама арқылы канализация мәселесін шешуді қарастырып жатырмыз”, – деді “Kagazy Recycling” ЖШС-ның заң бөлімінің басшысы Әлібек Қазыбекұлы.

Айтуынша, канализация мәселесі министрлік деңгейінде де көтерілген. Ендігі кезекте зауытты Алматы қаласы индустриалды аймағына көшіру қарастырылып жатыр.

“Алматы қаласының индустриалды аймағына көшуге алдын ала келісім алдық. Қашан жер учаскесін алатынымыз әлі белгісіз. Бұл бір күнде шешіле салатын дүние емес қой. Алматы қаласының әкімі төрағалық ететін комиссия құрылып, шешім қабылданады. Уақыты қалай белгілі болады, солай зауытты индустриалды аймаққа көшіреміз. Бұл сұрақты бақылауымда ұстаймын”, – дейді зауыт өкілі.

Өз кезегінде тұрғындармен кездесуге келген Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Бағлан Дандыбаев бұл мәселе қала әкімінің тікелей бақылауында екенін айтты. Айтуынша, тұрғын үй кешені салынбас бұрын барлық тексерістен өтіп, рұқсат берілген.

“Алматы қаласында индустриалды аймақ бар. Сол жерде осы сынды зауыттар шоғырланған. Индустриалды аймаққа зауытты көшіру мәселесі талқыланып жатыр. Әкімдік өкілі ретінде жауабымды бердім. 127 үй салынбас бұрын архитектуралық жағынан бұрын СЭС өкілдерімен тексерілген. Ешқандай кедергі болмағаннан кейін салынуға рұқсат берілген. Қазіргі уақытта зауыттан жағымсыз иіс шығады деген мәселе көтерілді. Осыған қатысты Алматы қаласының әкімі де кездесуде айтты”, – деді ол.

Зауытты жабу туралы сұраққа фабриканы жабу мүмкін емес екенін жеткізді. Себебі ол жерде де отбасын асырап, жұмыс істеп жатқан адамдар бар.

“Асыл армандықтардың” арманы қашан орындалары әлі белгісіз. Бейбіт митингке шыққан тұрғындардың талап-арызы тағы да ескерусіз қалды. Ескерусіз қалғанда, уақыттың еншісіне қалдырылды. Бұл бір жыл ма, екі жыл ма, белгісіз.

Тег: алма ситиалматыасыл арманкарасайкаскеленкаскеленкз

Ұқсас материалдар

Amanat партиясы “Кітап-Amanat” жобасын жүзеге асырды

Amanat партиясы “Кітап-Amanat” жобасын жүзеге асырды

25.09.2023

"Кітап-Amanat" жобасы отандық әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға, адамдарды оқуға ынталандыруға, қазақстандық авторлар мен кітап шығарушыларды қолдауға бағытталған. Келесі күні партияның...

Гауез Нұрмұхамбетов СҚО әкімі болып тағайындалды

Гауез Нұрмұхамбетов СҚО әкімі болып тағайындалды

23.09.2023

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Гауез Нұрмұхамбетовты Солтүстік Қазақстан облысының әкімі етіп тағайындады, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. "Нұрмұхамбетов Гауез Торсанұлы Солтүстік Қазақстан...

“Жігіттермен төбелесіп қалған”: танымал композитор Арман Қайназаров қайтыс болды

“Жігіттермен төбелесіп қалған”: танымал композитор Арман Қайназаров қайтыс болды

21.09.2023

Белгілі ақын, композитор Арман Қайназаров қайтыс болды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі Massaget.kz порталына сілтеме жасап. "Ол 4 қыркүйекте Шаңырақ шағынауданындағы...

Қарасай ауданында бірнеше шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

Қарасай ауданында бірнеше шенеунік пара алды деген күдікке ілінді

20.09.2023

Қарасай ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Сырым Жаркымбаев пен бас маман Жанболат Жазылбеков, құрылыс, сәулет және қалақұрылысы...

Келесі
Кеше не болғаны есімде жоқ: Ұланғасыр Қамиев желіде тараған төбелес жайлы айтты

Кеше не болғаны есімде жоқ: Ұланғасыр Қамиев желіде тараған төбелес жайлы айтты

kaskelen.kz

06.03.2019 ж. №17582-1СИ мерзімді баспасөз басылымын, ақпараттық агенттікті және желілік басылымды есепке қою туралы куәлігі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетімен берілген.

kaskelenkz − еліміздегі, өңіріміздегі және әлемдегі елеулі оқиғалар туралы, хабардар ететін қоғамдық-саяси және ақпараттық-сараптамалық желілік басылым.
Сіз біздің kaskelenkz порталын Instagram, YouTube, TikTok, Telegram және Facebook сияқты платформалардан таба аласыз.

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz