Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Алаяқтар атыңыздан несие алса не істеу керек?

фото: cgon.rospotrebnadzor.ru

Алаяқтар атыңыздан несие алса не істеу керек?

14.05.2024
Жаңалықтар, Керек - Дерек, Өзекті
4
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Алаяқтар атыңыздан несие рәсімдесе, оны төлемеу керек. Бірден несиені рәсімдеген банкті немесе қаржы ұйымын анықтап, оларға шағым жолдаған жөн. Толық әрекеттер тізімін қазір сіздерге түсіндіретін боламыз.

Атыңызда несие барын өзгеден білген жағдайда бірден сол қарызды рәсімдеген мекеменің атауын анықтау керек. Олардан келісімшарттардың көшірмесін, ақша аударылған есепшот туралы ақпаратты сұрап, өздерінде ішкі тескеріс ұйымдастыруын талап ете аласыз. Мамандар бұл талаптан бас тартса, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жүгіну қажет. Ондағы қызметкерлер шағымыңызды қабылдап, жөн сілтеуге міндетті.

“Е-өтініш порталы арқылы осы агенттікке шағым немесе сұрау жіберуіңізге болады. Яғни несиеге қатысты мәселе болса, кредитор міндетті түрде ақпарат беруі қажет. Өзгенің атына несие рәсімдеу – алаяқтықтың бір түрі. Сондықтан барынша сақ болған абзал”, – деді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бас маманы Мұхаммед Бағдатұлы.

Мамандар заңсыз қарызды дер кезінде анықтау үшін кредит жазбаларын бақылауда ұстауға кеңес береді. Мұндай ақпаратты бірінші кредиттік бюродан немесе халыққа қызмет көрсету орталығынан ала аласыз. Бұл қызметті онлайн алуға да мүмкіндік бар. Алайда алаяқтың тұзағына түсіп, шығынға батқан жағдайда бірден полицияға хабар берген жөн.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

Сонымен қатар egov порталы арқылы несиеге тоқтау қоюға болады. Бұл қызметке жүгінсеңіз, не сіз, не бөгде адам атыңызға несие рәсімдей алмайды. Жалпы алаяқтар атыңызға несие рәсімдеп үлгермеуі үшін жоғалған құжатыңыздың орнына жаңасын алған жөн. Және жеке мәліметтер мен есепшотыңызды еш жерде жариялаудың қажеті жоқ. Сондай-ақ кез келген құжатқа қол қоймас бұрын әуелі ақпаратпен толық танысып алған абзал.

Тег: алаяқтарнесие

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
Қазақстандықтарға мемлекеттен 1,4 млн тг беріледі: Қайтарымсыз грант алудың шарттары қандай?

Қазақстандықтарға мемлекеттен 1,4 млн тг беріледі: Қайтарымсыз грант алудың шарттары қандай?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz