Алматыдағы жеке мектептің 1сынып оқушысы зорлық көрді деген ақпарат тарады, деп хабарлайды Kaskelen.kz
Бұл туралы баланың ата-анасы қоғам белсендісіне жазған. Сұмдық оқиға желіде қызу талқыға түсті. Оқиға әжетханада болған көрінеді. Оқиға орын алған Бостандық ауданындағы жеке мектепте 67 камера бар. Білім ордасының директоры сұмдық жағдай туралы тәртіп сақшылары келгенде ғана білген.
“Бұндай ауыр жағдай бізді қатты қынжылтады, біз баланы барынша қорғап қалғымыз келеді. Бізге полициядан арыз түскенде ғана бұл жағдай туралы білдік. Біздің мектептің 1 сынып оқушысына қатысты зорлық әрекеттері болды деген күдік бар деп келді. Мектебімізде бейнекамералар өте көп, біз тергеуге барынша атсалысып көмек көрсетіп жатырмыз. Ата-анармен ашық сөйлестік. Қолдау көрсетуге дайынбыз”, – дейді мектеп директоры Ирина Логинова.
Құқық қорғау органдары тергеуді бастап кетті. Сараптама тағайындалды.
“Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөліміне аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Яғни таратып айтатын болсақ қылмыстық кодекстінің 121 бабының 3-ші тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып. Сот медициналық сараптама тағайындалды”, – деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.