Команда қоржынында 10 алтын, 22 күміс және 48 қола медаль бар. Бұл көрсеткішпен құрамамыз жалпымедальдік есепте 11-ші орынға жайғасты, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Азия ойындарының соңғы күнінде отандастарымыз екі медаль жеңіп алды.
Әйелдер арасында каратэден Мөлдір Жаңбырбай 50 келі салмақта екінші орынды иеленді. Ол финалда тайпейлік Шуанг Гудан жеңіліп қалды.
Көркем жүзуден әйелдер құрамасы үшінші орынға табан тіреді. Олар 663,7417 ұпай жинады.
Ел намысын Жаклин Якимова, Этери Какутия, Арина Пушкина, Анна Павлецова, Ясмин Тұяқова, Әйгерім Құрманғалиева, Наргиза Болатова, Жәния Жиенғазы, Арина Мясникова, Ксения Макарова қорғады, деп атап өтті Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі.