Семейде жылдам қимылдайтын арнайы жасақ майоры бойжеткенді зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы #НеМолчиKZ қоры әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады kaskelеn.kz ақпарат агенттігі.
Қор ақпаратына сәйкес, жапа шеккен бойжеткен көмек сұрап қорға жүгінген. Қыздың айтуынша, өзін зорлаған азаматқа арыз жазудан бас тартуға итермелеген. Ендігі кезекте тергеу ісі кешігіп жатыр.
“09.10.2023 жылы 23:00-де мені 31.10.1989 жылы дүниеге келген Ж.А. есімді азамат зорлады. “Қимылдай берме, бәрібір үстіңнен түспеймін деді. Қылмыстық іс жасалған кезде ол жылдам қимылдайтын арнайы жасақта майор қызметін атқарған. Маған танысыма шабадан апаруым қажет еді. Майор А. болса көмек қолып созып, апарып-алып келемін деп айтты”, – дейді жапа шеккен бойжеткен.
Майор қызды зорлағананнан кейін оны үйіне апарып тастаған. Одан кешірім де сұраған көрінеді. Өйткені қыз пәк болған екен.
“Полицияда Ж.А таныстары әрі полиция қызметкерлері қысым көрсетті. Осыдан кейін ішкі істер қызметінде жұмыс істей алмайтынымды айтып, арыздан бас тарттым. Сол сәтте әпкем хабарласып, барлығын білетінін айтты. Мені сабырға шақырып, зорлық әрекеті орын алса, ештеңеден қорықпай арыз жазуға кеңес берді”, – дейді жәбірленуші.
Сараптама нәтижесіне сәйкес, зорлау әрекеті орын алған. Яғни, 14 жарақат және қыздық перде жыртылған. Одан бөлек, күдіктінің көлігінде жуылған қан қалдықтары табылды.
“Бір ай өтсе де, іс бір орыннан қозғалмады. Бойжеткен оған қысым көрсетіліп жатқанын айтты. Мысалы, күдіктінің туысқандары қыздың үйіне өз үйіне келгендей күнде келіп, ақша ұсынады. #НеМолчиKZ қоры мынандай қорытындыға келді: күдіктінің туған әпкесі – полиция қызметкері, ал әпкесінің күйеуі – подполковник. Біз туысқандық қарым-қатынас қылмыстың істі жүргізуге кедергі келтіреді деп ойлаймыз”, – деп жазды #НеМолчиKZ қоры.
Айта кетейік, іс Қылмыстық кодекстің 120-бабы, 1-бөлігі бойынша қозғалды. Алайда күдікті Ж.А. қылмысты жасаған кезде қызметте болған. Неліктен 120-бабтың 2-бөлігі бойынша іс қозғалмаған?
Қордың жазуынша, жапа шеккен қыз хатшы болып қызмет атқаратын мекеме қызметкері қысым көрсетіп жатқан көрінеді. Одан бөлек, күдіктіні өтіп кеткен күнмен жұмыстан шығарғаны белгілі болды.