Қостанайда Аэропорт шағын ауданындағы Герасимова көшесіндегі №4 тұрғын үйдің жанында жылу құбырлары жарылды. Оның салдарынан бірқатар нысандар мен тұрғын үйлер жылусыз қалды, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі “Наша газета” порталына сілтеме жасап.
“КТЭК” МКҚК-ның хабарлауы бойынша, апатты жою жұмыстары жүргізіліп жатқандықтан мекеме аудандағы жылуды өшіруге мәжбүр.
“Жөндеу жұмыстары 20 желтоқсанда өтеді. 42 көпқабатты тұрғын үйде, №29 орта мектепте және халықаралық әуежай ғимараттарында жылу сағат 12.00-ден 20.00-ге дейін сөндіріледі”, – делінген хабарламада.
Былтыр да бұл ауданда 2022 жылдың желтоқсанында магистральдық жылу желісі жарылған болатын.