Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Банк сізге несие беру-бермеуін қалай шешеді?

фото: kapital.kz

Банк сізге несие беру-бермеуін қалай шешеді?

20.12.2023
Керек - Дерек
168
👁️
WhatsappTelegramFacebook

Несие рәсімдеу кезінде банк қандай шешім қабылдайтынын ойлайтынымыз рас. Өйткені банктер несие бермес бұрын сіздің төлем қабілеттілігіңізді және несие беру тәуекелін анықтау мақсатында несие тарихыңызды мұқият тексереді. Сонда банк клиенттің сенімділігін қалай бағалайды және шешімнің оң не теріс болуына не әсер етеді? Қазір соны егжей-тегжейлі қарастыратын боламыз.

Несие тарихы мен скоринг несиені сәтті рәсімдеуне айтарлықтай әсер ететін екі маңызды фактор.

Скоринг дегеніміз – клиенттерді бағалайтын және оларға несие беріп-бермейтінін шешетін жүйе. Ағылшын тілінен аударғанда “скоринг” сөзі “балл” дегенге мағынасы келеді. Компания немесе жеке кәсіпкер несие алуға өтініш бергенде, бағдарлама қарыз алушының банктің негізгі талаптарына сәйкестігін тексереді. Бұл бірінші кезеңде төлем жасай алмайтын клиенттер тізімін сейілту үшін қажет.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025
Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

Скоринг жүйесі қарыз алушы туралы ақпаратты, банк талаптарын және статистикалық мәліметтерді салыстыруға негізделген. Әрбір банктің скорингтік бағдарламалары әртүрлі бапталған, бірақ олар ұқсас схема бойынша жұмыс істейді:

1. Банк жүйеге қарыз алушыға қойылатын талаптарды сипаттайтын параметрлерді енгізеді.

2. Қарыз алушы өзі туралы ақпарат береді және сауалнаманы толтырады.

3. Скоринг жүйесі клиент ұсынған және басқа дереккөздерден алынған деректерді талдайды. Параметрлердің әрқайсысы белгілі бір ұпай санымен бағаланады, олардың қосындысы баллдық ұпайды құрайды.

4. Баллдық жүйе негізінде шешім қабылданады – егер ол банк белгілеген шекті мәннен жоғары болса, онда шешім оң, аз болса – теріс болады.

Банктердің шешім қабылдау процесіне үңілмес бұрын, несие тарихының не екенін және оның не себепті маңызды рөл атқаратынына тоқталайық. Несие тарихы – бұл сіздің барлық қаржылық міндеттемелеріңіз бен төлемдеріңіздің тізімі. Ол несие карталары, ипотека, автокөлік несиелері және басқа да қарыздар туралы ақпаратты қамтиды. Тіпті бірнеше рет мерзімін өткізіп алған төлемдер сіздің несие тарихыңызға әсер етуі мүмкін.

Несие алу үшін банкке жүгінген кезде, ол несиелік бюродан несие тарихыңызды сұратады. Бұл агенттік сіздің қаржылық транзакцияларыңыз туралы ақпаратты жинап, сақтайды және несиелік есеп береді. Бұл өз кезегінде сіздің несиелік сенімділігіңіздің сандық көрсеткіші есептеледі.

Банктің шешіміне әсер ететін критерийлер:

Банк сіздің несиелік баллыңызды ғана емес, басқа да бірқатар факторларды ескереді. Forte мамандары шешім шығару кезінде сіздің кірісіңізді, жұмыс орнында қанша уақыт жұмыс істеп жатқаныңызды,  сұралған несие сомасын және басқа несиелер бойынша берешегің жайлы ақпаратты қарастыратынын айтады. Сіздің жұмыс орныңыз және ондағы табысыңыз неғұрлым тұрақты болса, несиені мақұлдау ықтималдығы соғұрлым жоғары болады.

Тег: банкнесиенесие тарихы

Ұқсас материалдар

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

Қазақстанда неге сиыр еті қымбат?

10.07.2025

2025 жылғы маусымда Қазақстанда сиыр етінің бағасы өсуін жалғастыруда. Осыған орай, Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысынан кейінгі брифингте...

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

Мектеп түлектерін көшеде әскерге алып кету заңды ма?

10.07.2025

2025 жылдың көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде мектеп түлектерін көшеде әскерге күштеп алып кету жағдайлары қоғамда үлкен дау тудырды. Бұл...

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

Елімізде ең қымбат баспана қай өңірде?

10.07.2025

2025 жылғы маусым айындағы тұрғын үй нарығы бойынша ең жоғары баға Алматы қаласында тіркелді, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы —...

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

«111» нөміріне әйелдер мен балалардан қандай шағым жиі түседі?

08.07.2025

2024 жылдың 1 маусымынан 2025 жылдың 31 мамырына дейін «111» байланыс орталығына 226 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Бұл туралы...

Келесі
2024 жылы зейнетақы мөлшері қаншалықты өседі?

2024 жылы зейнетақы мөлшері қаншалықты өседі?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz