Әлеуметтік желі арқылы көпшілікке танылған Мұрат Әбділдә әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырғаны үшін сотталған еді. Жазасын өтеп жатқан ол өзінің жасаған ісіне өкінетінін айтты, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі “Жедел сұхбат” бағдарламасына сілтеме жасап.
Мұрат Әбділдәнің айтуы бойынша, қыркүйек айында шығады деген қауесеттің шыққаны тегін емес көрінеді. Ол кезде айыпталушы жазасының үштен бірін өтеген көрінеді.
“2023 жылдың күзінде халық мені түрмеден шығады деп күтті. Осы күнге дейін жазамның үштен бірін өтеп тастадым. Тәртібім де жақсы, іште ұйымдастырылатын іс-шарадан қалмаймын.4-5 мақтау қағазын алғанмын. Соны пайдаланып, Жоғарғы Сотқа өтініш жаздым, бірақ арызымды қанағаттандырмады. Өзімнің іс-әрекетіме өкінемін. Енді қайталамаймын деп уәдемді де беремін. Көктем айында тағы бір сот болады. Сол кезде де менің мекемедегі ішкі тәртібімді де есепке алып, мерзімінен бұрын босатуды сұраймын. Үш қорғаушым болса да, олардың нақты жұмыс істегенінен хабарсызбын. Сот отырысына да келмеді. Шағым сотқа ғана келді деп естідім. Ол менің қатысуымсыз өтті. Адам сыртынан ғайбаттамай-ақ қояйын”, – деп әңгімесін аяқтады.