Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі пара беру кезіндегі ең көп таралған сөздер, сөз тіркестері, ым-ишаралар мен әрекеттер туралы айтып берді, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Бұл сөздер мен іс-әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл желісі бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу іс-қимылдары кезінде анықталған.
Антикор әр жағдайды жеке қарастыру қажеттігін атап өтті. Сыбайлас жемқорлық нақты жағдайға байланысты әртүрлі тіркестер мен жағдайлардан кейін пайда болуы мүмкін.
Осылайша, ең көп таралған сөздер мен сөз тіркестері: «Осы мәселені шешіп беріңізші», «біздің де пайдамыз тиер», «рахмет айтамын ғой», «көреміз», «хабарласамыз ғой», «шешуге болады, бірақ нақты ештеңе айта алмаймын», «мүмкіндігіңізді пайдалансаңызшы», «келісеміз ғой», «қашан, қайда барып, не істеу керектігін айтасыз ғой», «жақсы жаңалықпен қуантасыз деп ойлаймын».
Ең жиі қолданылатын іс-қимылдар: саусақтарын ысқылау, бас изеу, көзбен ымдау, қалтасын қағу, ұялы телефон, калькулятор арқылы соманы көрсету, қол алысу.