Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
“Өте көп алдайтын”: Алматы облысында өгей қызын азаптады деп айыпталған асыраушы мән-жайды түсіндірді

фото: ашық дереккөз

“Өте көп алдайтын”: Алматы облысында өгей қызын азаптады деп айыпталған асыраушы мән-жайды түсіндірді

09.01.2024
Жаңа Қазақстан, Жаңалықтар
377
👁️
WhatsappTelegramFacebook

“Анам ыстық сумен күйдіріп, ұрып-соқты” деген тоғыз жастағы қыздың видеосына қатысты асырап алған шешесі жауап берді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Әйелдің сөзінше, жеткіншекті бұрынғы әріптестерінің бірі жалған сөйлеткізіп, бейнекамераға жазып алған. Өзі асырауындағы қызға “қол ұшын тигізбедім” дейді. Алайда көптің жағасын ұстатқан жағдай бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, тергеуді бастап кетті.

Ол видеода шашының жартысы түсіп қалған, мойны мен құлағы жара-жара қызды аңғаруға болады. Мұнда кішкентай қыз өзін асырап  алған анасынан көрген қорлығын тізбектеп айтып беріп отыр.

Сізге ұнауы мүмкін

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025
Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Тоғыз жастағы Раминаны асырап алған әйел Еңбекшіқазақ ауданы Ташкенсаз ауылындағы мектептің бірінде география пәнінен сабақ береді. Жеткіншекті қолына биыл жазда алыпты. Бізді көрген бойда бірден қызының мәлімдемесін жоққа шығарды.

“Ыстық сумен күйдірсем денесі көлдіреп тұратын еді. Құлағындағы жара мен шашының түсіп қалуы теміреткімен ауырғанынан. Ал оның ұрды-соқты деп зудыратқанына тоқталсақ, оған біреудің жаттатқызғанын көруге болады. Менің ойымша бұл маған қас адамдардың әрекеті”, – деп ақталады қыздың асыраушысы Айдам Ниязова.

Өзіне қас адамдардың көп болуын ол кезінде мектепте оқу ісінің меңгерушісі болуымен байланыстырды. Раминаны осыдан үш күн бұрын аулада ойнап жүрген жерінен бұрынғы әріптесім алып кетіп, маған қарсы пайдаланды деп отыр. Сонымен қатар асырап алған қызының психологиялық ауытқуы бар екенін жасырмады.

“Оның өзіндік қиялы бар. Өмірге басқа көзқараспен қарайды. Мұны психологтар дәлелдеген. Жазда үйге алып келген күні ылғи бір нәрседен қорқып жүрді. Не болып қалды деп сұрасам “маған тиісетін ер адамнан қорқамын” деп айтады. Психолог болса, мұның бәрі оның қиялында деді. Рамина өте көп алдайтын”, – дейді Айдам Ниязова.

Бірақ жәбір көрдім деген қызды ауруханаға апарған аудандық білім бөліміндегілер дәрігерлердің берген қорытындысынан кейін баланы отбасынан тартып алған.

“Сол кезде дәрігермен сөйлестім. Балада гематома іздері болды. 4-5 күн бұрын орын алған жарақаттар екенін айтты. Сөйтіп, ол кісілер бізге қорытынды жазып берді. 1 күнге ауруханаға жатқыздық. Келесі күні патронаттық тәрбиешісінен баланы тартып алу әрекетін жасап Жанұяға қайтадан апарып орналастырдық”, – дейді Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Зарина Бөлекбаева.

Қазір бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалған. Полицейлер тергеу жүргізіп жатыр.

“Қазіргі уақытта іс бойынша барлық қажетті сараптамалық зерттеулер тағайындалды. Олардың кейбіреулері бойынша қорытындысы дайын. Сондай-ақ, мүдделі адамдардың тізімі белгілі болды. Жақын арада қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталады”, – деп түсіндірді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдірахманов.

Тоғыз жастағы қызды асырап алған әйел де абыройыма нұқсан келді деп полицейлерге арыз жазған екен. Жала жапқандарды анықтауын сұрап отыр. Жеткіншек шын мәнінде азапталды ма, әлде айтып отырғаны жаттанды сөздер ме, оны енді полицейлер анықтайды. Қазір бұл істі Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева бақылауына алған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында 9 жасар жетім баланы асырап алған мұғалім оны кез-келген әрекеті үшін аяусыз ұрып-соғып, азаптап келгені туралы жазғанбыз.

Ұқсас материалдар

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

Қазақстанда SIM-карта сатып алу тәртібі өзгереді: енді нөмірді eGov арқылы онлайн рәсімдеуге болады

03.07.2025

Қазақстанда ұялы байланыс нөмірін сатып алу тәртібі түбегейлі өзгеруі мүмкін. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникация нарығын жетілдіру...

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

Қазақстанда әр азаматқа 10 сотық тегін жер беріледі: кім және қалай ала алады?

03.07.2025

Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес, әрбір кәмелет жасқа толған азамат жеке тұрғын үй құрылысы үшін 10 сотық жер учаскесін тегін...

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

4 ай ішінде ел экономикасына бөлінген инвестициялар қай салаларға жұмсалды?

03.07.2025

2024 жылдың қаңтар–сәуір айларында Қазақстанда негізгі капиталға тартылған инвестициялар көлемі 4,4 трлн теңгеден асты. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Стратегиялық...

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

Борышкер тізіміне кімдер және қандай жағдайда енгізіледі?

03.07.2025

Қазақстанда ірі көлемде салық берешегі бар заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің тізімі Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында ашық жарияланады. Бұл...

Келесі
Павлодарда қыздарды зорлап, қылқындырып өлтірген қылмыскерлер бостандыққа шықпақ

Павлодарда қыздарды зорлап, қылқындырып өлтірген қылмыскерлер бостандыққа шықпақ

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz