Қазақстанның сыртқы істер министрлігідегілер тоқсаныншы жылдары қазақ балалары Африкаға асырап алуға берілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz ақпарат агенттігі.
“Тоқсаныншы жылдары бізге балаларды тек батыс елдерінің өкілдеріне беру туралы талап қойылды”, – дейді ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров.
Бұған дейін депутат Дархан Қыдырәлі 1999-2011 жылдар аралығында (барлығы 8800) шетелдіктер асырап алған балалар туралы деректер жоқ екенін айтқан.
“2014 жылы еліміздің Бас прокуратурасы шетелге жіберілген балалардың тағдырына алаңдаушылық білдірді. Содан кейін арнайы тексеру жүргізіліп, жетім балалар мен оларды асырап алуға ниет білдірген азаматтар үшін бірыңғай ақпараттық жүйе құру ұсынылды. Алайда осы тергеудің нәтижелері мен шешім қабылдау барысы бізге беймәлім. Оңтүстік Африка, Кения, Филиппин, Мексика, Мальта, Аргентина сияқты елдер асырап алынған 120 бала бақылауға алынған ба? Бірыңғай ақпараттық жүйе құрылды ма?”, – деді Дархан Қыдырәлі өз депутаттық сауалында.
Шетел азаматтары асырап алған балалардың құқықтарын қорғау мақсатында Қазақстан 2010 жылы “Балаларды қорғау және шетелдіктердің бала асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны” ратификациялады.