Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Екібастұз тұрғындарымен кездесуі барысында көпбалалы ана Аяна Смағұлова қала тұрғындарының атынан балаларға арналған шығармашылық үй салуды сұрады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды kaskelen.kz.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға арналған осы әлеуметтік нысанды салу туралы шешім қабылданды. Қаржыландыру көздері табылды. Шығармашылық үйі демеушілер есебінен салынады.
Облыс әкімдігіне жобаны іске асыруды бақылауда ұстау тапсырылды.