Kaskelen.kz
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
+7 (707) 245 0326
Writy.
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек
No Result
View All Result
Writy.
No Result
View All Result
Түрген шатқалында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Түрген шатқалында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

20.04.2025
Өңір тынысы
10
👁️
WhatsappTelegramFacebook

19 сәуір күні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы аумағында орналасқан «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Түрген шатқалында дала және орман өрттерін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті.

Іс-шара өрт қаупі жоғары маусымның басталуына орай ұйымдастырылып, табиғи өрттердің алдын алу шараларын пысықтауға бағытталды.

Сізге ұнауы мүмкін

Төтеншелік Дәурен Қадыр  күміс жүлдемен оралды

Төтеншелік Дәурен Қадыр күміс жүлдемен оралды

29.04.2025
«Дабыл чемоданы» деген не және оның ішінде не болу керек?

«Дабыл чемоданы» деген не және оның ішінде не болу керек?

24.02.2024

«Бүгінгі оқу-жаттығудың мақсаты – Алматы облысы ТЖД мен жұмылдырылған барлық күштердің әрекетін бағалау және дала өрттерінің алдын алу. Біз шартты өртті сөндіру бойынша практикалық шараларды іске асырдық. Мұндай жаттығулар алдағы уақытта тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Бұл тәжірибе алмасуға, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға және техникалық базаны жетілдіруге мүмкіндік береді», – деді Алматы облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы Даурен Дәулетқанұлы Оразбеков.

Жаттығу алдын ала бекітілген сценарий бойынша өтті. Оған Алматы облысы ТЖД қызметкерлері, «Іле-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің мамандары, Еңбекшіқазақ ауданының жергілікті атқарушы органдары мен «Қазавиорманқорғау» РМК мамандары қатысты.

Сценарий бойынша шартты өрт Тұрген шатқалында орын алды. Қолайсыз ауа райының салдарынан от үлкен аумаққа таралып, орман алқабына және Тұрген ауылының тұрғындарына қауіп төндірді.

 

Өртті сөндіруге «Қазавиорманқорғау» мекемесінің құтқару тікұшағы мен ұшағы, 5 атты барлау тобы, 35 техника бірлігі, 200 жеке құрам қызметкері және Алматы облысы ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың бір кинологиялық есебі жұмылдырылды.

Медициналық көмек көрсету үшін Төтенше жағдайлар медицинасы орталығының 3 дәрігері тартылды. Жергілікті тұрғындар мен шетелдік туристер эвакуацияланды: барлығы 20 адам (10 турист және 10 ауыл тұрғыны) құтқарылды.

Жеке құрам есептері жедел түрде орналастырылып, су тарту Түрген өзенінен ұйымдастырылды. Үйлесімді іс-әрекеттердің арқасында өрт оқшауланып, толықтай сөндірілді.

Нұргүл Әлменбетова.

Фото: Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі

Ұқсас материалдар

Төтеншелік Дәурен Қадыр  күміс жүлдемен оралды

Төтеншелік Дәурен Қадыр күміс жүлдемен оралды

29.04.2025

Өзбекстан елінде 20-дан астам елден 700-ге жуық спортшы қатысқан әлем чемпионаты өтуде. Сол жарыста Алматы облысының Кеген ауданының төтенше жағдайлар...

«Дабыл чемоданы» деген не және оның ішінде не болу керек?

«Дабыл чемоданы» деген не және оның ішінде не болу керек?

24.02.2024

Соңғы айда жер сілкінісі Алматылықтардың қорқынышты түсіне айналды. Бұл табиғат құбылысы Алматыға қалыпты жағдай болғандықтан, оған әрдайым дайын болу керек....

Алматы облысында әйел екі баласын қарай алмай полицияға тапсырып кеткен

Алматы облысында әйел екі баласын қарай алмай полицияға тапсырып кеткен

05.12.2023

Алматы облысында әйел екі баласын қарай алмағандықтан, оларды полиция қызметкерлеріне тапсырып кеткен. Қарасай ауданында кәмелетке толмағандарды қабылдайтын орын болмағандықтан, екі...

Алматы облысында 24 жастағы келіншек құрсақтағы баласын сатпақшы болған

Алматы облысында 24 жастағы келіншек құрсақтағы баласын сатпақшы болған

24.11.2023

Алматы облысында құрсақтағы баласын сатуға тырысқан 24 жастағы шетелдік әйел ұсталды, деп хабарлайды kaskelen.kz порталы. Алматы облыстық полиция департаментінің бастығы...

Келесі
Биыл пәтерін жалға беретін қазақстандықтар нені білуге тиіс?

Биыл пәтерін жалға беретін қазақстандықтар нені білуге тиіс?

Редакция

  • Редакция туралы
  • Редакция саясаты
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

Айдарлар

  • Kaskelenkz
  • Әлемде
  • Жаңа Қазақстан
  • Жаңалықтар
  • Керек – Дерек
  • Өзекті
  • Өңір тынысы

© 2023 Kaskelen.kz

No Result
View All Result
  • Басты
  • Жаңа Қазақстан
  • Өзекті
  • Kaskelenkz
  • Өңір тынысы
  • Әлемде
  • Керек – Дерек

© 2023 Kaskelen.kz