Рамазан айында ораза ұстаған адам ауыз ашар уақытынан 10 минуттан кейін ауызын ашса не болады? Бұл сауалдың жауабы Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталында жарияланды, деп хабарлайды kaskelen.kz.
“Оразаңызды ауыз ашар уақытынан кеш ашқан болсаңыз, оразаңыз дұрыс, қабыл болады. Бастысы оразаны ауыз ашар уақытынан ерте ашып қоймауға мән берген дұрыс, ал кешірек ашудың оразаға зияны жоқ.
Десе де Пайғамбарымыз (с.а.у.) ауыз ашуды себепсіз кешіктірмей, уақытылы ашуды ұнамды санаған. Ол бір сөзінде былай дейді: “Адамдар ауыз ашарды тездеткенше жақсылықтар бола бермек”, – делінген порталдың жауабында.