Ұлттық банктің 2024 жылғы 5 шілдедегі қаулысымен ҚР Ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлем қабілеттілігін айқындау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды kaskelen.kz тілшісі.
Құжатқа сәйкес келесідей зақымданған банкноттар ескі банкнот болып саналады:
- бояғыш зат төгілген;
- бөтен жазулары бар, соның ішінде: ультракүлгін сәуледе көрінетін арнайы химиялық ұнтақпен өңделген;
- машинада оқылатын белгілері бар;
- желімделген немесе бір банкнотқа жататын желімделмеген бөліктері және Ұлттық Банк белгілеген банкнот мөлшерінің кемінде 70 %-ын құрайтын жыртылған банкноттар;
- бұрышынан немесе шетінен банкноттың жалпы көлемінің 1%-дан астамы жоғалған, бірақ Ұлттық Банк белгілеген банкнот мөлшерінің кемінде 70%-ы сақталмаған банкноттар;
- жыртылған, мөлдір таспамен желімделген банкноттар;
- өтелгенін куәландыратын жағдайларды қоспағанда, диаметрі 3 және одан да көп миллиметр тесіктері немесе саңылаулары бар банкноттар;
- банкноттың суретін жоғалтатын сызаттардың болуы;
- банкнот суретінің көрінбеуіне әкелетін алдыңғы немесе артқы беті ластанған банкноттар;
- ластану дегеніміз – шаң, кір, май және басқа ластаушы заттардың болуына байланысты банкноттың бетінің қараңғылануымен сипатталатын банкноттың жағдайы;
- қағазы қаттылығын жоғалтқан банкноттар;
- банкноттарды сақтауға және қауіпсіз тасымалдауға арналған құрылғыларда қолданылатын арнайы бояулармен боялған;
- Ұлттық банк белгілеген мөлшерден 50% және одан да көп пайызын жоғалтқан банкноттар, “ҮЛГІ”, “ОБРАЗЕЦ”, “SPECIMEN”, “МУЛЯЖ” деген жазуы бар банкноттар, сондай-ақ түпнұсқа банкноттардың фрагменттері бар және тілімдері бар банкноттар төлемге жарамсыз.
Қаулы 2024 жылдың 30 шілдесінде күшіне енеді.