ҚР Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігіндегі Елшілігі Ұлыбританияның бірқатар аймақтарына бару бойынша ұсыныстар берді, деп хабарлайды kaskelen.kz.
-Елдің бірқатар өңіріндегі жағдайдың шиеленісуіне байланысты Қазақстан азаматтарына Ротерхэм, Болтон, Блэкпул, Халл, Бристоль, Сток-он-Трент, Белфаст, сондай-ақ Манчестер және Ливерпуль қалаларының маңындағы қалаларға осы өңірлердегі жағдай тұрақтанғанға дейін уақытша барудан бас тарту ұсынылады. Қазіргі уақытта аталған елді мекендерде жүрген Қазақстан азаматтарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды, қырағылық пен сақтық танытуды, адамдар көп жиналатын орындарға барудан бас тартуды, соңғы жаңалықтарды қадағалауды, сондай – ақ Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігімен байланыста болуды сұраймыз, – делінген елшіліктің Instagram парақшасында жарияланған хабарламада.
Қосымша және жедел ақпарат алу үшін Ұлыбритания аумағындағы ҚР азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары үшін шұғыл байланыс желілері бар.
ҚР Ұлыбританиядағы Елшілігінің байланыстары
+44 7900 511 535 (мобильді байланыс)
Эл.пошта: consul@kazembassy.org.uk